Бүгін Сеулде Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе ісіне байланысты сот процессі басталды деп хабарлайды Неміс толқыны ақпараттық агенттігі.
Сот барысында Пак Кын Хе өзіне тағылған айыптардың барлығымен келіспейтінін айтқан.
Пак Кын Хе үстінен Оңтүстік Корея қылмыстық кодексінің қызметін асыра пайдаланды, мемлекеттік құпияларды бөгде адамға жариялады, аса ірі көлемде қаржы жымқырды, ірі компаниялардан ақша бопсалады деген баптары бойынша іс қозғалған.
Пак Кын Хеден бөлек сот залына оның құрбысы Чхве Сун Сильде әкелінген. Чхве Сун Сильге лауазымды жақындарын пайдалану арқылы алпауыт компаниялардан қаржы бопсалаған, ел үкіметінің жұмысын өз мүдесіне пайдаланған деген айыптар тағылған.
2017 жылы 10 наурыз күні Оңтүстік Кореяның Конституциялық сотының шешімімен Пак Кын Хе қызметінен алынып, 30 наурыз күні қамауға алынған болатын.
Пак Кын Хе Оңтүстік Корея тарихында жемқорлыққа байланысты сотталып жатқан үшінші президент.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау