Мексикалық журналист Хавьер Вальдестің дүйсенбіде Синалоа штатындағы Кульякан қаласында өлі денесі табылды. Осы уақытқа дейін есірткі дилерлері туралы журналистік зерттеулері мен мақалаларымен танылған мексикалық журналист өзінің редакциясының алдында өлтірілген.
2011 жылы репортер есірткі саудасы мәселесіне байланысты еңбегі үшін Журналистерді қорғау комитетінің арнайы сыйлығын алған еді.
Өзінің 30 жылдық мансабында Хавьер Вальдес Мексикадағы қылмыстық топтар мен есірткі дилерлері туралы көптеген тергеу жұмыстарын жүргізіп, құқық қорғау органдарына қылмыспен күресуге өзіндік көмегін тигізген болатын.
Журналистің зерттеуіне сәйкес, АҚШ-қа тасымалданатын есірткінің төрттен бір бөлігі - Мексикадан жеткізіледі екен. Әлемдегі есірткі саудасымен айналысатын ең танымал дилерлік топтың басшысы Хоакин Гузман 2014 жылы ұсталып, бүгінде АҚШ-та қамауға алынған.
Мексика президенті Энрике Пенья Ньето журналистің өліміне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп, қылмыскерлерді тез арада құрықтауға бұйрық берген. Ал әріптестері мен Хавьер Вальдестің отбасы құқық қорғау органдарының қорғауына алынған.
Осы жылдың наурыз айында Мексикада есірткі саудасы туралы жазатын тағы бір журналист өлтірілген еді.
Ал Журналистерді қорғау комитетінің есебіне сүйенсек, елде 1992 жылдан бері 40-тан астам журналист қылмыстық топтардың қатысуымен азапталып, өлтірілген екен.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды