Францияда президенттікке үміткер Эммануэль Макронның партиясының серверіне арнайы ұйымдастырылған хаккерлік топтың шабуыл жасағаны белгілі болды.
Сайлау штабы өкілдерінің айтуынша, белгісіз хаккерлердің мақсаты – президент сайлауының екінші кезеңінде елдегі саяси ахуалға ықпал ету болып отыр. Бүгінде президенттікке Макронға қарсылас ретінде Марин Ле Пен сайлауға түскен. Ал жалпы дауыс беру 7 мамыр күні өткізіледі.
Макронның партиясы өкілдерінің өзара хат алмасқан, ақылдасқан 9 гигабайт ақпарат ұрланып, pastebin.com сайтына жарияланған болатын.
Серверге шабуыл барысында партияның құжаттары мен жеке ақпараттары да ұрланған.
Сонымен қоса, шынайы құжаттармен іріткі салу мақсатында жалған құжаттар мен ақпараттар да сайтқа жүктелгендігі айтылуда.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау