Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей және Украина президенттерімен соңғы 24 сағатта 2 реттен телефон арқылы сөйлесті. Аталған ел президенттері қалыптасқан қайшылықты реттеу бойынша диадог жүргізген.
Ресей президенті Путиннің баспасөз өкілі Песков Путин мен Макрон арасындағы сөйлесуде Украина тақырыбы сөз болғанын, тараптар қақтығысқа жол бермеу бойынша пікірлескенінін айтты. Бұған қоса, Песков Украина мәселесі бойынша Путин АҚШ президенті Жо Байденмен кездесуге дайын екенін де айтқан. Дегенмен, Путин мен Байден арасындағы кездесу бойынша нақты жоспар жасалмаған.
Макрон 24 сағат ішінде Владимир Зеленскиймен 2 мәрте телефон арқылы сөйлесіп, қауіпті қайшылық бойынша пікірлескен. Зеленский сөйлесуден кейін әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесінде Макронмен әңгіме барасында "атысты тоқтату бойынша пікір алмастық" деген.
Франция тарабының ресми мәлімдемесінде президент Макрон тараптармен дипломатиялық диалогты сақтауды, қақтығыстарға жол бермеу бойынша сөйлескені айтылады.
Украина-Ресей бойынша қақтығыс қаупі амиықаны белгілі, дегенмен әлі де тараптар диалог пен дипломатиялық қадамдарда белсенді күйде.