Ресей президенті Владимир Путин өзінің әріптесі түрік басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен жүргізген келіссөздерінің нәтижесі бойынша екі жақ Ресейдің Түркияға қатысты енгізген барлық экономикалық санкцияларын жою туралы келісім жасады деп мәлімдеді.

         Оның сөзінде «алынып тасталды деуге болады» дегендей сөз ұшын қалдырды. Бұл, Ресейге жеткізілетін кейбір түрік өнімдерімен қатар (қызанақ экспорты), Түркия азаматтарына визалық жүйеге шектеу секілді жақтары сақталып қалатынын білдіреді.

«Біз түрік достарымыздан бұл шектеулер қойылған кездегіден болмыстың басқаша дамып, күрделіленгенін түсінуін өтінеміз.  Бұл сол қызанақ өндірісімен байланысты»,-деді Путин. Сондай-ақ, Ресей президенті бұл сақталып қалған шектеулердің Ресей климатына байланысты қызанақ өндіру мен жылыжай мерзімдерінің қысқалығына байланысты екенін түсіндірді.

Путин сөзінде: "Ресей дүкендерінде арзан және сапалы азық-түлік болғанын қалаймын. Дегенмен, біздің ауыл шаруашылығы секторы дамығанын, ал несие алғандар құр қол қалмауы тиіс», – деді.

Түрік азаматтарына визалық шектеу туралы түсіндіре келе, Путин  мәселе террористік  қауіпке байланысты арнайы қызметтердің өзара әрекеттесуін жақсарту мақсатында жасалатынын айтты. Сонымен бірге, Ресейде жұмыс бабымен  болатын түрік азаматтары үшін арнайы ережелер қарастыратынын атап өтті.

Ердоған Путинмен жүргізген баспасөз конференциясында  қандай да бір шектеулерді жоюға алға басу  бар екенін сөз етті. Ол өз сөзінде: "Біз ресейлік әріптестерімізбен қызанақ экспортынан басқа жақтарда толықтай келісімге келдік. Әрине, Түркияда өндірілген дәмді әрі арзан қызанақтардың да Ресей нарығында тұрғанын қалаймыз. Дегенмен бұл шектеулер уақытша болады", – деді.

Инвестициялар бағыты бойынша:

Сонымен қатар келіссөз барысында екі президент "Аккую" түрік атом станциясының құрылысы мен Сириядағы жағдайды талқылады. Путиннің сөзі бойынша, Ресей "Аккую" құрылысына 20 млрд доллар инвестиция құрмақшы. Бұған дейін де жоба шамамен 20 млрд долларға бағаланған.

Сәуірдің аяғында белгілі болғандай, алғашқы "Аккую" түрік АЭС-ның бірінші кезекті нысандарындағы құрылыс-монтажды жұмыстар ағымдағы жылдағы жаздың бас кезіне белгіленген.оны 2 жыл көлемінде орындаулары тиіс. Бұл нысандар энергоблоктардың құрылысын дайындау үшін қажет. Басшылар сонымен бірге сирия мәселесін де қозғады.

«Бір орыс мақалы бар: кімнің қай жері қақсаса, сол жерін айтады. Екі ел үшін де Сирия-қанды терең жара. Егер бізде балалар ойнап, көктемнің келгеніне қуанып жүрсе, сириялық балалар күн сайын өліммен қауышады, және бұл біздің ортақ қайғы»-деді Эрдоган баспасөз конференциясында.

Ол ресейлік әріптесімен Идлиб провинциясы ауданында деэскалация аймағын құру жайлы талқылағанын дәлелдеді және осы мәселе бойынша алға басу болатынына сенімді. Өз кезегінде Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу барысында осы мәселені қозғағанын хабарлады.

Шиеленіс пен қалпына келтіру бағыты бойынша:

Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынас  2015 жылы қарашада түрік жойғышы ресейлік Су-24 бомбалағышын Сирия шекарасында  атып түсіргеннен кейін өрши түсті. Түркия сол кезде Ресей оның әуе кеңістігін бұзғандығын айтты, ал Мәскеу барлық кінәні жоққа шығарған болатын.

Осы оқиғадан кейін Ресей Түркияға қарсы экономикалық санкциялар енгізді, соның ішінде түрік тауарларының жеткізілімін шектеді. Сол кезде шектеу көкөністер, жемістер, ет және гүлдерге салынды, осы уақытта көкөністер, яғни қызанақ ауыл шаруашылығы импортының негізгі бөлігі болды.

Сонымен қатар Ресей Т үркияға туристік жолдамаларды сатуға тыйым салды. Қарым-қатынас  Эрдоганның Путинге Су-24 бомбалағышының атылуына және ұшқыш  бомбалаушының қаза табуына байланысты көңіл айтып, кешірім хатын жолдағаннан кейін қалпына келе бастады. Дағдарыс жағдайынан кейінгі алғашқы кездесу 2016 жылдың тамызында өтті.

Ауд. : Фариза Мұқанова

"The Qazaq Times"