«Алға» қозғалысының көшбасшысы Эммануэль Макрон Франциядағы президент сайлауының екінші кезеңінің алдындағы теледебатта «Ұлттық фронт» партиясынан қатысып отырған Марин Ле Пенді басып озды. Бұл туралы BFMTV арнасының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған Elabe институтының зерттеу нәтижелері жарияланған.
«Жеңіліс рухы» мен «Барлығына қарсы шайқас» тақырыптарында өткен теледебатта франциялықтардың басым бөлігі Макронды қолдап отыр.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Макронды 63 пайыз телекөрермендер қолдаған, ал Ле Пеннің жақтастарының үлесі 34 пайызды құрады. Ал қалған қатысушылардың 3 пайызы нақты таңдау жасамаған. Әлеуметтік зерттеуге 1314 адам қатысқан болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Figaro газетінің бастамасымен жасалған сауалнамада да Макрон 64 пайызбен, айқын басымдылық көрсете отырып, жеңіске жеткен болатын. Бұл зерттеуге 24,3 адам қатысқан еді.
The Qazaq Times


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?