Қазақтың «Оралман» фильімі Иран кино фестивальінің бас жүлдесін ұытып алды.
Қазақфильм режиссеры Сәбит Құрманбековтың «Оралман» көркем фильімі Иранның халықаралық Фаджр кинофестивальінің «Шығыс понарамасы» конкурсының жеңімпазы атанды. «Оралман» фильімінен бөлек конурсқа 12 елден 15 кинофильім қатысқан.
«Оралман» Қазақстанға Ауғанстаннан көшіп келген қазақ отбасы жайында түсірілген көрекем фильім. Киноға Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова, Баян Қажнабаева сынды елге танымал актерлар түскен.
Бұған дейін Иран кинофестивалында Қазақстаннан 2010 жылы "Қош бол Гүлсары", 2013 жылы "Жау жүрек мың бала", 2014 жылы"Шал" кино фильімдері жүлде алған.
Фаджр кинофестивальі Иран ислам революциясының құрметіне 1982 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
“The Qazaq Times”