Ауғанстанның солтүстігінде Жузжан аймағының Дерзаб ауданында террорлық ұйымдар ДАИШ пен Талибан сарбаздары арасында қақтығыс шықты. Қақтығыста Талибанның 76 адамы мен ДАИШ-тың 15 адамы өлді. Бұл туралы "Анатолы" баспасөзінің ресми сайты хабарлады.
Жузжан акиматының баспасөз хатшысы Мұхаммед Реза Гафури Дерзабтың Аксаи, Көмүрлүк және Хак Шехидан аймақтарында ДАИШ пен Талибан арасында қақтығыс шыққанын мәлімдеді. Қақтығыста Талибаннан 76 кісі, ДАИШ-тен 15 кісі өлген. Талибанның 57 адамы мен ДАИш-тің 12 мүшесі жарақат алған.
Гафури қақтығыстың террор ұйымдары арасындағы есірткі саудасындағы келіспеушіліктен туындағанын алға тартып отыр.
“The Qazaq Times”


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?