"Кассини" зондының миссиясы 1997 жылы басталған болатын. 3 млрд шақырым қашықтыққа созылған сапарға 7 жылға жуық уақыт кеткен.
2004 жылы "Кассини" алғаш Сатурнның сақиналарына жақындаған.
Бұл сурет 2004 жылдың 7 мамырында түсірілген, осы кезде зонд ғаламшардан 28,2 млн шақырым қашықтықта болған еді.
Ал мына сурет сол жылдың 26 мамырында түсірілген.
Сатурн Күн жүйесіндегі алтыншы планета болғандықтан, "Кассини" оған жетер жолда алып Юпитерді де басып өтті.
Бұл суретте Юпитердің оңтүстік полюсі бейнеленген.
Сатурнның орбитасында бірнеше ондаған табиғи серіктері ұшып жүреді.
Янус - Сатурнның ішкі серігі. Оның суреті 2009 жылы түсірілген.
Сатурнның серіктері өзінің сақиналарына қарағанда қашықта орналасқан. Он екі жылдың ішінде зонд ғаламшардың серіктерін түсіріп, сақиналарына енді жетті.
Энцелад - Сатурнның серіктерінің бірі. Ол Янусқа қарағанда едәуір алыста орналасқан. Беткі қабатын толықтай мұз басқан.
Гиперион - Сатурнның ең қашықта орналасқан серіктерінің бірі. "Кассини" Гиперионға экспедицияның алғашқы кезеңдерінің бірінде барып қайтқан. Бұл серік басқаларына қарағанда тегіс емес пішінімен ерекшеленеді. Ал бетінде ірілі-ұсақты кратерлер көп.
Көлемі жағынан Сатурнның үшінші серігі. Дәл Жер мен Айдың арақатынасындай. Япет ғаламшарға әрдайым тек бір бетімен қарап тұрады. Ал суреттегі екінші, сыртқы бетінің көрінісі.
Ал мына суреттегі Сатурнның ең үлкен серігі - Титан. Бұл көріністе Титан Сатурнның жанынан өтіп бара жатыр.
Титанның бұл суретінен кратерлерді көре алмаймыз. Өйткені, аспан денесінің өзіндік атмосфера қабаты бар. Сонымен қатар, су және құрлықтары, тіпті үлкен үшкір шыңдары да болуы мүмкін. "Кассини" Титанды жақынырақ түсіру үшін "Гюйгенс" зондын жіберген. Төменде осы зондтан келген панорамалық сурет.
Экспедиция барысында "Кассини" бұрын соңды мүмкін болмаған ракурстардан түсірілген суреттерді жіберіп жатыр.
Бұл суретте Сатурнның солтүстік полюсі көрсетілген. Бірақ бұл ненің көрінісі болуы мүмкін екендігі белісіз. Ғалымдар осы құпияны ашумен айналысуда.
Ал тағы да жаңа суреттер алдағы бес айда келеді деп күтілуде. "Кассинидің" жанармайы таусылғанша, құпия ғаламшардың сақинасы мен басқа да тылсым сырлары белгілі болуы мүмкін.
The Qazaq Times