Кока-Кола компаниясы (Coca-Cola Co,. KO) жоғары өкілінің сейсенбі күнгі хабарында, компания қызметкерлердің 20 пайыз қысқартатынын айтты. Бұл қадамы ірі сусын өндіруші кәсіпорынның ұзақ мерзімдегі шығындарды тежеу үшін жасап отырған жоспарларының бір бөлегі болып табылады.
«The Wall Street Journal» басылымының айтуынша, келесі аптада бас атқарушы Мұхтар Кент қызметін компания ардагері Жеймс Куинси өткеріп алады. 20 пайыз қызметкер қысқарту жоспары атқарылса компанияның 1200 қызметкері жұмыстан кетпек.
Компанияның мәлімдемешісінің айтуынша қысқаратын қызметкерлер Атлантадағы бас штаб-пәтердегі 5500 қызметкерден тартып, әлемнің әр жеріндегі бөлімшелерге дейін жүргізіледі.
Аталған компанияның 2015 жылы жариялаған жоспарында 1600 қызметкерді қысқартатын болған. Бұл 2019 жылға дейінгі 30 млрд АҚШ доллары көлеміндегі шығынды тежеу үшін деп көрсетілген. Кеше жария болған жоспар бойынша алдағы жалдағы 8 млрд Америка долларын үнемдейтінін айтып отыр.
The Qazaq Times