«Coca cola» сусынын кез келген жерде кездестіруге болады. Американың бұл бренді бүкіл дүние жүзінде жоғары сұранысқа ие болды. «Coca cola», жер шарындағы екі жүзден астам мемлекетте сатылып, әрбір секунд ішінде шамамен 10 000 данасы адамдармен ішіледі. Ал сіз, «Coca cola» жөніндегі келесі мағлұматтарды білесіз бе?
1. Алғаш рет «Coca cola» сусынын 1886 жылы Атлантадағы фармацевт Джон Пембертон ойлап тапты. Бірақ сусынның аты оның айлакер бухгалтері Френк Робинсонның арқасында пайда болды, соған қоса ол «Coca cola-ның» бірегей логотипін ойлап тауып ұсынды. Бұл логотип тіпті бүгінгі күнге дейін пайдаланылады.
2. Алғашқы кездері нарықта «Coca cola» жүйке жүйесін тыныштандырып, шаршауды басатын сусын ретінде пайда болды.
3. Алғашқы кездері «Coca cola» құрамында кокаин болған, бірақ небәрі бір стақанда 9 миллиграмды құрған. 1905 жылы кокаинды сусын құрамына қосуды тоқтатты.
4. Бүкіл жер шарында ішілетін сусындар арасында (ауыз суынан басқа) «Coca cola» лицензиясы мен сауда маркасына тиесілі сусындар көрсеткіші 3% - дан асады. Бұл жер шарындағы ең кең тараған тауар түрі.
5. Дүниежүзінде тек екі мемлекетте «Coca cola» сусыны сатылмайды, олар: Куба және Солтүстік Корея.
6. Компания бірнеше мың сусын түрін шығарады. Егер де сіз күніне сусынның бір түрінен ауыз тиіп тұрсаңыз онда барлығының дәмін тату үшін өміріңіздің 9 жылы кетер. Газдалған, энергетикалық, соя негізінде жасалған сусындардың 3500-ден астам түрі, 500-ден астам тауар маркасы бар.
7. «Coca cola» брендінің пайда болуынан бері шығарылған сусындарды 8 унциялы бөтелкелерге құйып (227мл), бірінің үстіне бірін қойып түзу сызық тұрғызсақ, бұл сызықты жерден айға дейін жүргізіп, тіпті оны 2000 рет қайталауға болады екен.
8. «Coca cola» компаниясына жылына 1 млрд доллардан аса қаражат әкелетін 20 шақты марка тиесілі.
9. «Coca cola» брендінің құны 184 850 000 000 доллар. Бұл Metro, Pepsi, KFC брендерінің қосындысының құнынан да көп.
10. «Coca cola-ға» сенсек, бұл атау дүниежүзінде “OK” сөзінен кейінгі барлық адам түсінетін екінші сөз екен.
11. «Coca cola-ны» ең көп тұтынатын Мексика халқы. Орташа есеппен жылына олар бұл компанияның 745 сусынының түрін тұтынады, ал Американдықтар 401 сусын түрін пайдаланады. БҰҰ санағы бойынша орта жастағы Мексика тұрғыны жылына 163 литр газдалған тәтті сусын тұтынады. (Салыстырма ретінде Ресей тұрғыны – 30 литр ішеді).
12. Промокупондарды алғашқы болып ойлап тапқан «Coca cola» компаниясы. Сату көрсеткіштерін көтеру үшін және ешкімге белгісіз сусынды Америка штаттары арасында тез тарату үшін, компания 1886 жылы және 1914 жылдар арасында сатып алынған әрбір 10-шы бөтелкені тегін берді.
13. «Coca cola» жарнасамындағы әйгілі Санта Клаус. Қыс айларындағы сатылым көрсеткіштерін көтеру мақсатымен компания 1920 жылдан бастап Иса пайғамбардың туған күніне арналған мерекелерде Санта Клаус қатысуымен жарнамалар жүргізе бастады.Алғашқы кездері Санта Клаустың түрлі кейіптері болған. Бірақ олардың ешбіреуі кең танымал бола алмады. Тек 1931 жылы иллюстратор Хэддон Сандблом қызыл пәлте кеген, толық, көңілі көтеріңкі, күлкілі Санта Клаусты бейнеледі. Сол кезден бастап жылда қыс мерекелері осы Санта Клаус бейнесі мен «Coca cola» бейнесі барша халықтың санасына тығыз енген.
14. 1985 жылы «Coca cola» ғарышқа аттанған алғашқы алкогольсыз сусын болды. “Challenger” астронавттары «Coca cola-ны» өздерімен бірге ғарышқа алып, салмақсыздықта ішіп көрді.
15. «Coca cola» компаниясы, сусынды пайдаланудың мінсіз температурасы (1,1-3,3C) деп айтады.
Ботажан Қабылбекова