Қазақтан Қылмыстық кодексінің 21-бабында азаматтықтан айыратын қосымша жаза түрі қарастырылады, деді 25 сәуірде Астанада Әділет министрі Марат Бекетаев.
"Мемлекет мүддесіне зор нұқсан келтіргені үшін" азаматтықтан айыру туралы ұсыныс биыл жасалды. Мұндай қылмыстарға аса ауыр террорлық қылмыстар, сондай-ақ конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған әрекеттер жатады.
Марат Бекетаевтың мәлімдеуінше, парламентке түскен бұл заң жобасын дайындаудың ешқандай саяси себебі жоқ. "Мұның ешқандай саяси астары жоқ. Террорлық әрекеттерге қатысқан адамдар Қазақстанға қайтып оралып, идеологиясын елде таратуына қарсы күрескіміз келеді", - деді Бекетаев.
Қылмыстық кодексіне түзетулер жобасы Қазақстан Конституциясына өзгертулер енгізілген соң қолға алынды. Заңға өзгертулер президент, парламент және үкімет құзыреттерін қайта бөлуді қарастырады.
"The Qazaq Times"
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды