«Era» (Дәуір) журналының редакциясы жыл сайын жария ететін « 100 ықпалды тұлға» тізіміне АҚШ президенті Дональд Трамп өзі ғана емес, қызы Иванка мен күйеу баласы Кушнер де, сондай-ақ сенімді бірнеше шенеуніктерінде кіргізген. Тізімнің «көшбасшы» қарары бойынша: Ким Чен Ын, Путин,Тереза Мэй, Ердоған, Рим Папасы Францискке, Мелинда (Билл Гейтстің әйелі) және "WikiLeaks"-тің негізін қалаушы Ассанж қатарлы тұлғалар көш бастап тұр. Тізімде басқа да «Жасампаз», «Тартымды», «Ізбасар», «Өнерпаз» қатарлы бес стандарттары бар.
АҚШ президенті өзімен бірге «Көшбасшылар» тізіміне Қорғаныс министрі Матиссті қамтыған сенімді деген Ақ үй лауазымдыларын ала кірді. Сондай-ақ, АҚШ-тың «алтын ханшасы» және оның күйеуін (Трамптың қызы мен күйеу баласы) «Ізбасарлар» тізіміне енгізген. Қызы мен әйелінің Трамптың мемлекеттік сауда істеріне көмекшілік етудей мансабының бар екені белгілі. Президент көмекшісінен тартып кеңесшісіне дейін топтасқан отбасы мүшелері Трамптың сенімді адамдары саналады.
Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Чен Ын «Ықпалды тұлғалар» тізімінен 2011 жылдан бері қатарынан 7 жыл түспей келе жатқан тұлға. Бұдан бұрын Солтүстік Кореядан Ким Чен Ир ғана 2004-2005 екі жыл қатарынан аталған тізімнен орын алған болатын.
АҚШ-тың бұрынғы Оңтүстік Кореядағы бас елшісі Кристофер Хилл Ким Чен Ынның бағалаушы авторы саналып келген еді. Ол Трамп таққа шыққанға дейін Ким Чен Ынмен қатар аталып келіп еді. Алайда, Трамп билікке келгеннен кейін көптеген қиындықтарға ұшырады. Қазір Корей түбегі мәселесі тың деңгейге көтерілді. Бүгінгі таңда ешбір тұлға әлемге Ким Чен Ынмен қатар аталып тұрған жоқ.
Ким Чен Ын билігіне бес жыл өтсе де оған қатысты болған өңірлік мәселеде көрнекті шешім табылмады. Солтүстік Корей басшысының өңірлік қайшылықтағы ықпалына, оның ағасы Ким Чен Намның қастандыққа ұшырауы келіп қосылды. Кристофер Хилл болса Ким Чен Намды өлтіруге бұйырған оның биліктегі інісі деп көрсетті. Бұл Солтүстік Корея басшысының ықпалын Солтүстік Шығыс Азиядан Шығыс Оңтүстік Азияға дейін ұлғайтты. Өңірдегі және әлемдегі қайшылық жалғаса беретін болса, Ким Чен Ын «Дәуір» басылымының «Әлемдегі 100 ықпалды тұлға» тізімінде әлі талай жыл орын алары анық.
The Qazaq Times