Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәжікстанға екі күндік сапарын аяқтап, Түркіменстанға жол алды. Бірер ай бұрын ғана қырғыз-тәжік ортасында шекара жанжалы қарулы қақтығысқа ұласып, ондаған адам қаза тапқан еді. Сондықтан да Жапаровтың Душанбе сапары аймақ елдерінің назарын аударғаны сөзссіз.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алдымен оңаша кездесіп, кейін алты сағат бойы кеңейтілген форматта кездесу өткізген.

Екі ел президенті шекара мәселесі бойынша ортақ пікір таба алмады. Фото: OFFICIAL
Қырғыз ақпарат құралдары Душанбедегі кездесуде екі ел арасындағы шекара мәселесі талқыға салынғанын жазды. Алайда, тараптар қандайда бір келісімге қол жеткізе алмады. Екі ел ортасындағы шекара мәселесінің бір реткі ресми сапар барысында шешілмейтінін қырғыз депутаттары Жапаров сапарынан бұрын да айтқан болатын.
Садыр Жапаров бұған дейін Өзбекстанға жасаған сапары кезінде шекара мәселесі туралы қос тарапты келісімге ие болып қайтқан еді. Дегенмен, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара мәселесі күрделі деңгейде. Оның үстіне шекара таласы қарулы қатқығысқа ұласқандықтан оны тез арада шешуге екі ел билігі де шарасыз.
Хабарларға қарағанда екі ел лидерлерінің қатысуымен өткен келіссөз отырысында тараптар шекара бөлісі және су ресурстарын бөлісу бойынша ортақ пікір таба алмаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі