Украинадағы соғыс әлемдік энергетика нарығына үлкен соққы ұрды. Мұнай мен газ нарығы теңселіп тұр, Ресей мұнайы мен газына сұраныс азайған кезде баға шарықтап әр баррель мұнай 110 долларға дейін (бейсенбі күні) көтерілді. Жалпы Украинадағы жағдай жаһандық энергия нарығына жеткізудің қиындығы мен бағаның көтерілуі сынды ең қауіпті әсерін тигізді. Оның үстіне қақтығыс қанша уақытқа созылары белгісіз болғандықтан, энергия нарығында да болжаусыздық күшейіп тұр.
Шын мәнінде, Украинадағы жағдай энергия бағасын тіпті де шарықтатып жіберетін түрлі белгісіз факторларға толы. Әскери қақтығыстың қанша уақытқа жалғасары және оның шешімі қалай болары белгісіз. Оның үстіне Украинаға шабуыл жасау арқылы Ресей халықаралық жойқын санкция соққысына ұшырады, ал осы санкциялардың ресейлік, одан барып жаһандық энергия нарығына қалай ететінін біз әлі нақты болжай алмай отырмыз.
Мұнай мен газға деген сұранысы мол елдерді де қоса алғанда айтарлықтай көп ел Ресей энергиясынан бас тартты. Бірақ, бұл қажеттіліктің тоқтап қалғанын білдірмейді, осы елдер өзінің ішкі және сыртқы сұраныстарын қанағаттандыру үшін Ресей энергиясына баламалар іздейді. Оның өзі де уақыт пен барысты қажет еді. Осы аралықта жаһандық энергия нарығы тұрлаусыздықпен қатар өмір сүрмек.
Жаһандық ірі ақпарат көздеріндегі хабарларға қарайтын болсақ, еуропалық мұнай-газ компаниялары шатушылардың балама көздерін белсенді түрде іздеп жатқанын көреміз. Бұл мұнай өндіруші өзге елдерге қатермен қатар жаңа мүмкіндіктердің пайда болғанын да аңғартады. Айталық, Қазақстан үшін де белгілі мүмкіндіктер береді, бірақ санкция мен өзге де қатерлерді нақты бағалауды қажет етеді.
Осы орайдан пайдаланып кейбір қытайлық мұнай компанияларының пайда тапқалы отырғаны да көрініп қалды. Былтыр санкцияларға қарамастан Ираннан көп мөлшерде шикі мұнай сатып алған қытайлық компаниялар балама көзін толтыруға дайындалып жатқаны анық. Олардың арасында Шаньдунда орналасқан Урал және ESPO секілді ресейлік немесе бірлескен компаниялары да бар. Бұған қоса ресейлік компаниялар санкциядан жалтару немесе мұнай транзакциясын жүзеге асыру үшін Қытай банктерінде есепшот ашуға ұмтылады деген болжамдар да бар. Соның өзінде шығындардан сақтанып қалу қиын.
Дегенмен, қақтығыстар энергия саласындағы белгісіздікті арттырып қана қоймай тәуекел мен тосын сыйлардың мүмкіндігінде арттырады. Айталық, Ресейге салынған санкциялар біртіндеп жаһандық энергия нарығындағы бағаны төмендетуі де мүмкін деп болжайтындар да бар. Айталық, бір күн бұрын CNN арнасына берген пікірінде уашингтондық сарапшы Пол Салливан осындай көзқарас айтты. Ол және кейбір мұнай компаниялардың Ресейден кетіп жатуы немесе бас тартуы жеткізу тармағын бұзатынын айтты.
Жағдайдың жалпы картинасынан біз тағы мынадай бір ситуацияны көріп отырмыз: ресейлік шикі мұнайдың көп бөлігі Trafigura Group сияқты халықаралық сауда компаниялары арқылы сатылады, ал аз бөлігі ғана тікелей ресейлік компаниялар арқылы сатылады. Ресейдің шикі мұнайына санкция салынуы Ресейдің жалпы теңіздегі экспорттық саудасының ұзақ мерзімді динамикалық негізін өзгертіп жіберуі мүмкін. Бұл дегеніміз батыстық ірі мұнай компаниялары Ресеймен жасасқан ұзақ мерзімдік келісім жобаларынан бір жола кетуі де мүмкін екенін аңғартады.