Ресей Украинаға шабуыл жасауы мүмкін деген болжам барған сайын шындыққа жақындап, Шығыс Еуропадағы жағдай шиеленісіп тұрған тұста, АҚШ Украинадағы азаматтарын елден шығып кетуге шақырды. Тіпті, Украинадағы елшілік қызметкерлерінің жақындарын елге қайтуға бұйырған.
АҚШ Мемлекеттік департаментінінің ресми мәлімдемесінде, Ресей Украинаға қарата қауіпті әскери әрекеттер жасап жатқаны ескертілген. Бұған қоса ел ішіндегі азаматтарына да жақын арада Украина мен Ресейге саяхат немесе өзге мақсаттағы сапарлардан бас тартуға шақырады.
Ресей болса Украинаға қарата әскери басып кіру жоспарының жоқ екенін, бұндай болжамдар шындыққа сай емес деп келеді. Дегенмен, ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерде Ресейдің өзге аймақтағы әскери күштерінің елдің батыс шекарасына жөткеліп жатқаны туралы деректер бар.
AFP ақпараттық агенттігіне берген мәліметінде АҚШ-тың Украинадағы елшілігінің қызметкері елшіліктер жұмысы жалғаса беретінін айтқан. Былайша айтқанда Украинадағы АҚШ елшілігі жабылмайды, елшілік қызметкерлерінің жақындары мен өзге америкалықтарға елден шығып кету ескертілген.
Ақ үй болса Ресей тарабынан шабуыл кез-келген уақытта болуы мүмкін екенін айтқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі