Бүгін Алматы қаласында демпартия мүшелері Жаңаөзендегі наразылыққа шыққандарға қолдау білдіріп алаңға шықты.
«Жаңаөзенді қолдаймыз!», «Алматы шық! Жаңаөзенмен біргеміз» деп ұрандатқан Жанболаттың жақтастары Абай көшесін бойлап орталық алаңға бет алды.
Демпартия жетекшісі: «Республика алаңына шықтық. Бүкіл Республика алаңын Назарбаевтың билігі үрейі қашып, қорқып түгелдей жауып, қоршап тастап отыр. Автокөлікті тіпті жаяу жүргіншілерді де жүргізбейді. Өйткені халықтың орынды, Маңғыстаулықтардың талабы дұрыс. Олар әділдік үшін, ақиқат үшін, шындық үшін алаңға шығып жатыр. Біз Жаңаөзенде тұрған ағайынға толық қолдауымызды білдіреміз. Жаңаөзендегі ағайынның көтеріп отырған мәселесі дұрыс, орынды деп санаймыз. Және билік солармен, халықпен дұрыс диялог отыруды бастауы керек! Бүгіннен қалмай ең кемі премер министр Жаңаөзенге баруы керек! Халықтың талабын тыңдауы керек. Халықтың мәселесіне құлақ асуы тиіс! Он жыл бұрынғыдай қасіретті оқиға Жаңаөзенде қайталанбауы тиіс! Ешқандай халыққа күш қолданылмасын! Халыққа қарсы оқ атылмасын! Жаңаөзінде халыққа күш қолданып, оқ атлса бүкіл Қазақстан шығады» деді.
2 қаңтардан бастап Жаңаөзен қаласының тұрғындары бірден екі есеге өсіп кеткен газдың бағасын 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етіп алаңға шығып, көшелерді жауып тастаған болатын. Елдің әр өңірлерінде Жаңаөзендегі наразы халықты қолдайтындарын білдіріп жатқандарың саны сәт санап артып келеді. Ал ашық қолдауға алаңға шыққандарды күштік құрлымдар күштеп тарқатып немесе апарып қамап жатқаны айтылуда.