Бүгін Алматыда Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының баспасөз орталығында 2021 жылдың 11 қаңтарына қараған түні кісі қолынан қаза тапқан Джамалов Жұмабек Сұлтанбайұлының жақындары әділдікті, сондай-ақ, қанішерлердің "Адам өлімі" бабымен жауапқа тартылуын талап етіп баспасөз жиынын өткізді.
«Жаңаөзен қанішерлерінің кеші» тақырыбында өткен баспасөз жиынына белгілі журналист, саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы, анасы Тулкибаева Разия, жұбайы Базарбаева Дариға, әпкелері Светлана мен Гульшат Джамаловалар қатысты.
Джамалов Жұмабек Сұлтанбайұлы 1989 ж.т., Жаңаөзен қаласы, Қызылсай аулының тұрғыны, 2012 жылдан бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты «БЖБ» мекемесінде №13 скважиналарды жерасты жөндеу бригадасының 4-ші дәрежелі операторы болып жұмыс жасаған.
2021 жылдың 10 қаңтар күні кешкі аусымға жұмысқа 11 қаңтарға қараған түні аса қатыгездікпен, қасақана, аяусыз, айуандықпен Жаңаөзен қаласы Қызылсай аулында жеке тұрғын үйдің, туысының гаражында адамдар тобы өлтіріп кеткен.
Алты айға созылған тергеу, тексеру жұмыстарында Жаңаөзен қаласының ПБ ТБ тергеушісі Қ. Жанов
Тергеп-тексеру жұмыстары 6 ай созылып, Жаңаөзен қаласының ПБ ТБ тергеушісі Қ.Жанов 8 күдіктілердің тізімін шығарды. Олардың 3-і қашқындықта, оларға іздеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Оларды негізгі қылмыстық істен бөлектеп алып отыр. Қалған 5-нің 1-і себепсізден-себепсіз аяқ-асты куә болып кетті, 4-і жалған айыптау актісі бойынша жеңіл жазамен сараланып, сотқа 01.07.2021ж. жіберілді. Содан сот өндірісінде 4 ай болды.
Міне, содан бері жазықсыз өлтірілген Жұмабектің жаны тыныштық таппай келеді, өйткені оны өлтіргендер ҚР ҚК-нің 99 бабы «Адам өлімі» деген айыппен емес, ҚР ҚК-нің 106 «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», 107 «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру», 389 «Өзінше билік ету» баптары бойынша сараланып, тек қана біреуіне ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігін тағып, сотқа жіберіліп отыр.
Біз Жұмабекті қорлап, азаптап, үстінен секіріп өлтіргенін білеміз, содан оның жүрегі жарылды. Дәрігерлер тілінде оны «жүрек тампонадасы» деп атайды.
Сот-медициналық сарапама диагнозы: Кеуде қуысының, ішінің және сол жақ аяқтарының жарақаттары; жүрек жарылуы, жүрек қабының қан құйылуы (280мл), жүректің тығындалуы, өкпенің тамырмаңы өркендеріне қан құйылуы; бауырдың жарылуы, бауырдың орақ тәрізді байламына қан құйылуы, ішастар ішіне қан ағу (350мл); сол аяғы сирағының сүйектерінің жабық сынуы; жүрек қуыстарында қара түсті сұйық қан; соғылған жара, қанталаулар, бас және аяқ қолдарының сыдырылған жаралары.
Тергеп-тексеру жұмыстары кезінде анықталған 8 күдіктілердің қашқындықта жүрген 3-ін тауып, қылмыстық істі қайтадан прокурорға жіберіп, қайтадан тергеп-тексеруге жіберуді талап етеміз. Себебі қылмыс қаруы анықталмаған, айыптау актісі жалған дәлелдемелермен негізделіп, жасақталған.
Және осы тергеп-тексеру амалдарын жүргізген, осындай жағдайға әкелген Жаңаөзен қаласының ПБ ТБ тергеушісі Қ.Жанов, ПБ бастығы А.Қасанов, прокурор Б.Джанысбаевты жауапкершілікке тартуыңызды талап етеміз.
Жұмабектің отбасы әділдікті, қанішерлердің "Адам өлімі" бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабы 2 бөлігі 3, 5, 7, 9, 15 тармақтарымен жауапқа тартылуын талап етеді.