Халық Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ақшасын алу үшін жеткілікті шекті арттыру туралы шешімін түсінбей дал. Бұл жаңалық елді дүр сілкіндірді. Қазір Қазақстанның бүкіл интернет кеңістігі, әлеуметтік желілері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдағы ең өзекті тақырыпқа айналып, қызу талқыланып жатыр. Аталған акционерлік қоғамға бұл қарапайым шешім болып көрінуі мүмкін. Дегенмен елдегі барлық маңызды оқиғалар мен іс шаралар осының көлеңкесінде қалды. Өйткені, осыған дейін өзінің жасына сай зейнетақының жеткілікті шегін жинаған салымшылармен олардың туыстары, достары сол қаражатты бірнеше апта ішінде жұмсап үлгерулері тиіс. Өйтпеген жағдайда ақшаға зейнеткерлікке шыққанға дейін қол жеткізе алмайды. Қазақстан билігінің шешіміне әсер ететін ең соңғы үміт 3 желтоқсанда құрылған электронды петицияда болып тұр. Бұл арқылы egov.press сайтында 8 желтоқсанға дейін 53 мыңнан астам қол жинаған. Жаңа талап бойынша университет пен колледжді енді ғана бітіріп жатқан азаматтар 20 жасында 3 миллион 200 мың теңгеден астам ақша жинауы тиіс. Расында бұл экономикалық жағынан да, қаржылық жағынан да мүмкін емес. Оны айтып түсіндіру қиын. Егер сіз мектепте бастауыш сыныпта оқып жүрген кезден, тіпті балабақшадан бастап жұмысқа кіріссеңіз, 20 жаста зейнетақы шотына ең төменгі жеткілікті шегін 3,2 миллион теңгені жинай аласыз.
Мұндай әрекеттер зейнетақы жүйесі бізге қаншалықты қажет, оның мақсаты қандай? деген сауал іздеуге мәжбүрлейді. Үкіметте отырғандардың бірқатары БЖЗҚ директорлар кеңесінің мүшелері, сондықтан олар бұл мәселені білмеуі мүмкін емес. Осының өзі-ақ ойландыратын жағдай. БЖЗҚ-да шекті көтеру туралы мұндай шұғыл шешімге не түрткі болды? Бұған әркім өзінше жауап іздеп әлек. Депутат Азат Перуашевтың «БЖЗҚ жаңа шекті жарияламас бұрын үкіметпен, салалық министрлікпен және оған қоса әртүрлі сайттарда талқылап алып, ұсынуы керек еді» деген пікірімен келісуге болады. Өйткені, бұл мәселе біздің миллиондаған азаматтарымызға қатысты.
2017 жылы «БЖЗҚ» АҚ директорлар кеңесі бекіткен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Корпоративтік даму стратегиясы қабылданғаны белгілі. Құжатқа сәйкес, БЖЗҚ жұмысындағы негізгі құндылықтар: адам құқықтарын сақтау, ашықтық, мінез-құлық әдебі, БЖЗҚ салымшыларының мүдделері ең маңызды орынға қойылған деп көрсетілген. Бәлкім, бұл жерде мектеп оқушыларының 20 жасқа дейін 3,2 миллион теңгеден астам ақша жинауы үшін мектепте немесе колледжде оқып жүрген уақыттан бастап, зейнеткерлікке қаражат жинау қажеттігі ескерілмеген тәрізді. Дегенмен мұны есептеу ешқандай қиындық тудырмайтыны. Белгілі. Бірақ бұл қасақана ескерілмей қалған.
Таңғаларлығы, 2021 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт оқаевтың ел экономикасының өсімін қалпына келтіру мақсатында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі туралы шешімінің шыққаны белгілі. Енді оған бір жыл болмай жатып, заңның күшін жойып жатқандығы таңғаларлық жағдай.
2021 жылдың қаңтарында зейнетақының артық сомасын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі туралы заңның қабылдануы БЖЗҚ-ның халық қаражатын ресми инфляция деңгейінен жоғары сақтап, оны көбейту мүмкіндігіне үлкен күмәнмен қарауға итермеледі. Бұл пандемия кезінде ел экономикасындағы мәселелерді азаматтардың өздері шешуіне бағытталған жолдың бірі болды.
2021 жылдың желтоқсан айындағы соңғы мәліметтерге сәйкес, 338 мыңнан астам адам өз жинақтарын пайдаланған. Оған жылжымайтын мүлік сатып алған және медициналық мекемелерде ем қабылдаған. Бұдан ел экономикасына 1,6 триллион теңгеден астам қаржы құйылған.
БЖЗҚ халықтың қаражатын белгісіз кәсіпорындарға банктерге мәселен,Әзірбайжанға салғаны аян. Бұл келеңсіздіктер же жұршылықтың есінде. Егер азаматтардың жинақталған зейнетақы қаражатының артық сомасын алу мүмкіндігін талқылау 2019 жылы басталып, бірнеше жылға созылған болса, онда оны ешқандай ескертусіз және алдын-ала дайындықсыз қабылдауға болар еді. Әрине, мұндай шешімді ұйғаруға не түрткі болды. Осы жерде Қазақстан халқы БЖЗҚ-ның осындай «тосын сыйына» лайық па деген сұрақ туындайды. Өйткені, ресми түрде жұмыс істеп, жалақысын жасырып қалудың «көлеңкелі» тұстарын іздемей адал еңбек етіп жүргендер қатты зардап шекті. Сондай-ақ, тұрғындардың дені шоттарындағы шектеулі соманы, яғни артық зейнетақы жинақтарын алуды кейінге қалдырған. Себебі қосымша қаражат жинап алған соң ғана аламыз деп ойлаған. Өкінішке қарай, үкіметтің мұндай шешімге баруы қарапайым азаматтардың билік пен шенеуніктерге деген сенімін жоғалтты. БЖЗҚ-ның стратегиялық шешімдері азаматтық қоғаммен, қоғамдық ұйымдармен талқылауға түспестен жатып, жүзеге асырылады. Үкімет атом электр станциясының құрылысына қатысты мәселе туралы да тез шешім шығарды. Оған Сбербанкпен арадағы жасалған «ынтымақтастық» жөніндегі шаралар дәлел бола алады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы қаражатын алудың ең төменгі шегін ұлғайту туралы шешімнің өзгермейтінін қазірдің өзінде сеніммен айтуға болады. Ал, оның салдары әрбір Қазақстан азаматына тиеді.
Оның нәтижесі айқын. Билік органдарының шешімдеріне, мәлімдемелеріне, сондай-ақ шенеуніктердің ел ішіндегі абырой-беделіне халықтың сенімі азаяды. Үкіметке деген сенімсіздік белең алады. "Тізбектелген реакцияны" іске қосуды елестету де ,жоспарлау да қиын. Өйткені сенімнің төмендігі, биліктің беделіне күмән келтіру, теңге бағамына, инфляцияға қылмыстың өсуі мен қауіпсіздік сияқты аса маңызды процесстерге әсер етуі мүмкін. БЖЗҚ-ның шешімін ескере отырып, аймақтағы экономикалық және саяси тұрақсыздық пен пандемияның жалғасуы жағдайында бұл сенім мен бедел соншалықты маңызды емес екені анық.
Қорытындылай келе, мұндай мұндай бейберекет аяқасты жылдам шығарылған шешімдер жақсылыққа апармайды. Керісінше халықтың ел билігіне деген сенімі мен құрметін жоғалтады. Алдын-ала жоба аясында тұрғындар арасында стресс-тест жүргізіп, банктер мен құрылыс компанияларын ескертуге болар еді. Оған қордың мүмкіндігі болды. Украинаның, Ресейдің, Түркияның аймақтық және әлемдік саяси, экономикалық тұрақсыздыққа байланысты қазіргі мысалдары елдің дамуы мен тұрақтылығы үшін ынтымақтастық пен өзара сенім қажет екенін көрсетіп отыр. Қазақстан халқы мен билігінің өзара сенімі мен қолдауының арқасында пандемия кезінде тұрғындардың басым көпшілігі үкіметтің жаппай вакцинациялау туралы үндеуін қолдады. Олай болмаған жағдайда үкімет екпеге халықтың аз тартылу дағдарысын бастан кешірер еді. Өйткені, БЖЗҚ-дан басқа да жайттар жетіп артылады. Күн тәртібінде білім беру, оның ішінде қазақ тілін дамыту мәселесі тұр. Одан өзге азаматтық қоғам мен халықты соның ішінде жастарды қатыстыра отырып, іске асыратын ауқымды экономикалық, әлеуметтік реформалар мен маңызды жобалар бар. Қазақстандықтар үшін желтоқсан айы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайтын немесе жаңа жылға дайындық жүргізетін кез болмайын деп тұр. Себебі, халық мерейтойды атап өтуді емес, зейнетақы қорындағы шекті қаражатты жұмсап қалуға қарбаласып жатыр. Ал, оны өздеріңіз білетіндей жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе тістің еміне ғана пайдалануға болады.
Шарип Ишмухамедов, А+ Analytics.