Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» (BRI) мжобасына қарсы балама ретінде АҚШ президенті Жоу Байден B3W жобасын ұсынған болатын. «Қарқынды қалпына келтіру бастамасы» (Build Back Better Initiative/B3W) деп аталатын жоба дамушы елдердің инфрақұрылымдарын қаржыландыруды көздейді. Қазір Байден үкіметі аталмыш жобаны жүзеге асыратын елдерді қарастыру үстінде.
Жақында Ақ үйдің бірнеше лауазымды тұлғасы қолайлы инвестиция салуға мүмкіндік іздестіріп, Африкадағы бірқатар елдерді аралады. Байден ұсынған B3W жобасы Қытай жүргізіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» жобасына қарсы бағытталғаны белгілі. Құрама Штаттар тарабы B3W бойынша инвестиция салатын ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірінші партиясын келесі жылы қаңтарда жария етпек.
Дамушы елдердің инфрақұрылымдарына инвестиция салатын АҚШ жобасы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасына қарағанда басқаша жұмыс істейді. Өткен аптада ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің халықаралық экономика жөніндегі орынбасары Далеп Сингх делегация бастап Африкадағы Гана мен Сенегал қатарлы елдерге сапарлаған. Бұл сапар тиісті инфрақұрылымдық жобаларды зерттеу, таңдау, тыңдау мақсатында жасалған. АҚШ делегациясы үкімет басшыларымен ғана емес, компания өкілдерімен, азаматтық қоғам өкілдерімен де кездесу өткізген.
Сондай-ақ, америкалық жобаның басты ерекшелігі қатарында ашықтықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, фискалдық әлеуеттің тұрақтылығын, еңбек құқықтарын және қоршаған ортаны қорғауды жоғары стандарттармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Қытайдың ауқымды жобаны жүзеге асыру тәсілімен салыстырғанда, АҚШ инвестицияны пайдаланушы тараптан ақпараттық жарияламау туралы келісімді талап етпейді немесе сол елдің инвестиция салынған инфрақұрылымдарынан (айталық жол, темір жол, порт, әуежай, т.б.) айырылып қалуына жол ашатын шарттарды талап етпейді. Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы болса қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға кері әсер ету мүмкіндіктері қарастырылмаған. Оған қоса, ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша талаптардың жоқтығы, сондай-ақ жоғары мемлекеттік қарызды қабылдауы секілді жақтары үлкен күмән туғызып келген еді.
Байден жақында ашылған климат саммитінде B3W жобасы туралы тағы да қайталап өтті. Ондағы сөзінде Байден B3W әлемге Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына балама мүмкіндік ұсынатынын айтқан еді.
Африкаға сапардан бұрын АҚШ делегациясы Латын Америкасындағы Колумбия, Эквадор және Панамада елдерінде болып қайтқан еді. Жыл соңына дейін Азия елдеріне де сапар жоспарлап отыр.
АҚШ жобасында Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына көбірек иек сүйеп отырған Орта Азия елдері қамтылама жоқ, қазірше бұл анық емес. Дегенмен, Қытайдың жаһандық ауқымды жобасына алтернативті жобаның болуы Қытайдың «Қарыз саясатына», инвестициясына мейлінше кіріптар бола түскен елдердің жаңа мүмкіндік ашылатын еді.