Жекенбі күні, қарашаның 7-сі таңғы сағат 8.00 шамасында Қарағанды облысы Абай қаласында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты шахтада газ жарылып, апаттан алты адам қаза тауып, екі адамның жараланғаны хабарланды. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
«7 қараша күні сағат 08.37-де Абай қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай шахтасында Штрек 3-К10 желдеткішінің түбінде кенеттен метан газы шығып, апат болды. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өз бетінше эвакуацияланған», – деп хабарлады министрлік өкілі.
Ресми ақапаратқа қарағанда, оқиға орнынан шығып үлгермеген 8 қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі жарақат алды. Жараланған кеншілер облыстағы Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Олар қазір реанимацияда жатыр.
«Қазір оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндіріс процесі тоқтады. Апат салдарын жою үшін арнаулы 20-дан аса қызметкер, 4 техника жұмылдырылды. Премьер-министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия құрылды», – делінген ведомство баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбеков Facebook желісіндені парақшасында марқұмдар мен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтып, тиісті көмек берілетінін жазды. Ақорда президент Тоқаевтың көңіл білдіретінін, үкіметтік комиссия жасақталғанын хабарлады.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Катпанов апат белгілері техногендік сипатта екенін айтты. Оның сөзінше, «метан газының үлкен концентрациясы пайда болып, оттегінің жетіспегендіктен кеншілер тұншығып қайтыс болуы ықтимал». Әзірге апаттың нақты себебі анықталып жатыр.
Қазақстан шахталарында кейінгі ширек ғасырда оннан аса ірі апат болып, 150-ден аса кенші қаза тапқан. Соның бірі, 2008 жылы дәл осы шахтада метан газы жарылып, 30 адам опат болып, тағы 14-і түрлі дәрежеде жараланған еді.
Ақпарат толықтырылды


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді