Халықаралық экономикалық саясатта да «Америка бірінші» ұстанымын іске асыруға тырысып отырған Трамп үкіметі, шетелдік технология мамандарына виза беру жұмыс тәртібіне өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Бұл сөзді АҚШ жергілікті уақытымен сейсенбі күні президент Трамп мәлім еткен еді. Жоғары жалақылы мамандар тобына көбірек виза беру түзімін атқармақ.

Бұл қазамның Силикон алқабындағы жоғары технологиялық өндіруші компанияларға тиімді болары анық. Себебі, мұндай компаниялардың шетелдік мамандарына берілетін H-1B визасы шектеулі болып келген еді. Аутсорсинг компанияларының басым көбінің орталығы Үндістанда орналасқан. Әлемдік технологияық компаниялары шоғырланған Силикон алқабында шетелдік мамандарға көптеп орын беріледі. Жаңа ереже бойынша H-1B визасы лотерея үлгісінде беріліп, өтініш бергендерге теңдей мүмкіндік қарастырылады.

Трамп Snap-On Inc компаниясында айтқан сөзінде: «Біз Америка бірінші ұстанымын шындап қолға алуымыз керек», – деді. Осыдан кейін жаңа виза беру ережесіне қол қойды. Мемлекеттік департаменттерге шетелдік мамандарды қабылдау, оларды елдің жаңа көші-қон ережесіне сәйкес тиімділіктермен қамтамасыз ету сынды істерге тапсырма берді.

«Америкалық сату, Америкалық жалдау» ұстанымының натижесіне 150 күндік федералдық бағалау уақытын белгіленді. Трамп үкіметінің жаңа экономикалық дамуға серпін беру шаралары әлемге күшті сигнал таратуда. «АҚШ үкіметінің басты мақсаты америкалық жұмыскерлер мен олардың жұмыс орындарының мүддесін қорғай отырып, Америкаға басымдық беру», – деді Дональд Трамп.

The Qazaq Times