 
                                    Қазақстанның заманауи тарихында қорғаныс саласындағы қаралы оқиғаның бірі – Жамбыл облысында қайталанған әскери бөлім жарылысынан жапа шеккен тағы бір қызметкерді іздеу жалғасып жатыр.
Редакция хабарласқан Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов түр-түсі анықталған 15 марқұмның денесі туыстарына берілгенін хабарлады. Бірақ әскери бөлімнің із-түссіз жоғалған бір қызметкері табылмады.
«Мамандар бір адамды әлі іздеп жатыр. Әскери бөлімнің арғы жағы (оңтүстік бағыты, тау сілеміне қарай – QT) 20 шақырым жер түгел дрон-бейнекамера арқылы қаралды. Әзірге табыла қойған жоқ», – деді ол.
Қазіргі таңда іздестіріліп жатқан адам – оқиға орнында қалып қойған 16-шы қызметкер, 33 жастағы кіші сержант Бауыржан Дәуітбаев. Ол жарылыс болған әскери бөлімнің өртке қарсы құтқару бөлімшесі басшысы ретінде қызмет еткен. Оның үш ұлы және бір қызы бар, сондай-ақ әйелі бесінші перзентіне аяғы ауыр.
Бір аптадан бері №28349 әскери бөлімнің маңайынан бауырын ауыл тұрғындарымен бірге іздеген Ербол Дәуітбаев және оның туыстары блок-бекеттің аузында күнде хабар тосып отыр. Олардың кейбірі қатты жарылыстан контузия алып тау-тас арасын бассауғалап, адасып кеткен болуы мүмкін деп үміттенеді.
«Әлі осындамыз. Министрлік өкілі Жұмабек Хасенов жағдайды баяндап тұр. Енді сырттан іздеп жатыр. Кеше әскерилер қолданып жатқан бір дронын көрсетті. Негізі қажеті сол тікұшақ болмай тұр», – деді әскеридің ағасы Ербол Дәуітбаев.
Оқиға орнында арнайы үйретілген бірнеше иісшіл ит, кинолог мамандар мен саперлер жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың салдарын жою мақсатында жүздеген қызметкер жұмылдырылған.
26 тамызда Жамбыл облысында әскери қоймадан өрт шығып, арты алапат жарылысқа ұласқан. 20 шақты рет жарылған дүмпуден әскери бөлім түбіндегі Қайнар ауылы мен көршілес бірнеше елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланған. Апаттың кесірінен 15 адам қаза тауып, жүз шақты қызметкер жараланған. Жойқын жарылыстан 124 ғимарат бүлінген. Қазір әскери бөлім орналасқан Байзақ ауданы көлемінде төтенше жағдай енгізілген.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді