Ресей, Қытай және Орта Азия елдерінің Ауғанстандағы жаңа жағдайға байланысты өзара іс-қимылдары тамыз айында анық көріне бастайды. Үйткені осы айда Ресей мен Қытай, Ресей мен Орта Азия елдері арасында бірлескен әскери жаттығу сериялары басталмақ. Бұл осы елдердің Ауғанстан жағдайына байланысты әрекеттерді үйлестіру мақсатындағы ортақ әскери шаралары саналады. Ресейдің Тәжікстанда әскери белсенділігі арта түсетіні анық көрініп келеді. Оған қоса жақында Орта Азия елдерінің басшылары да осы тақырып бойынша бас қосады.
Ресей мен Қытайдың бірлескен әскери жаттығуы Қытайдың Ниншя жерінде, 9-13 тамыз аралығында өтеді. Ресей Қорғаныс министрлігі бірлескен жаттығуға ресми дайындық басталғанын өткен аптаның соңында мәлімдеген. Ресей бұл жаттығуға Байқал аймағындағы мотоатқыштар мен арнайы жасақтарын да қатыстырады. Оған қоса Су-30СМ сынды армиясының негізгі жауынгерлік ұшақтарын жаттығуға қатыстыру үшін мыңдаған шақырым қашқықтыққа жөнелтті. Ал, Қытай ақпарат құралдары таратқан мәліметте, бұл рет қос тараптан бір уақытта қатысатын әскерлердің саны 10 мыңға дейін жететінін айтылған.
Ауғанстан жаңа жағдайына байланысты Қытай билігінің Орта Азия елдерімен болған барыс-келісі жиілей түсті. Осыдан бірнеше күн бұрын Қытай қорғаныс министрі Вей Фыңхы Тәжікстанға сапармен барып, әскери жетекшілерімен және президентімен кездесді. Бұл сапарында тағы ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысып қайтты, әрі ресейлік әріптесі Шойгумен де оңаша жолықты. Вей Шойгуды Ниншядағы әскери жаттығудың қорытынды шарасына қатысуға шақырып кетті. Бұған Орта Азия елдерінің өкілдері де шақырылған болуы мүмкін.
Қытайда орыс-қытай армиясы ортақ жаттығуға дайындалып жатқан кезде Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан ортасында бірлескен жаттығулар тәжік жерінің Ауғанстанға жақын шекараларында басталып кеткен болатын. 30 шілде де орыс, өзбек, тәжік күштері Ауғанстанмен шекараға жақын жаттығу алаңына орналастырылып, тамыздың бірінен бастап он күндік әскери жаттығуға белсене кірісті.
Тәжікстандағы жаттығуға Ресейдің сол елдегі 201-ші атқыштар дивизиясы мен Бішкек маңындағы әуе базасында орналасқан әскерлері қатысады. Ал, Өзбекстан Тәжікстанға жойғыш ұшақтарды, қарулы тікұшақтар мен арнайы жасақтарын жіберді.
Көршілес елдердің ақпарат құралдары Тәжікстандағы бұл жаттығудың ауқымдылығы туралы баса айтып жатыр. Тіпті, тәжікстердің өздері «бұндай жаттығу бұған дейін болып көрмеген» десуде. Оқу жаттығуда басты мақсаты болса Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекараны қалай қорғау керектігі және Ауғанстаннан қарулы күштердің тәжік шекарасы арқылы Орта Азияға кіруіне жол бермеуге жаттығу.
Есте болса, 1999-2000 жылдары бірқатар елде қызметіне тыйым салған «Өзбекстан исламдық қозғалысы» ұйымының мыңға жуық қарулы мүшесі Ауғанстаннан Тәжікстанға, одан кейін қырғыз таулары арқылы Өзбекстанға кіруге әрекет еткен еді. Бұл жағдай аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлкен қатер төндірген болатын.
Жоғарыда аталған әскери жаттығулардан тыс Орта Азия елдерінің басшылары 5-6 тамыз күндері Түркіменстанда бас қоспақ. Қазір көршілес және бауырлас елдердің басшылары, өзге де лауазымдылары осы саммит дайындығы бойынша өзара қоңырау соғып, дайындықты пысықтау үстінде.