Осыдан екі күн бұрын, АҚШ вице-президенті Майк Бернс Оңтүстік Кореяға сапарын бастады. 17 сәуір күні Майк Бернс пен Оң.Корея премьер-министрі Хван Кио-Ан Сеулде бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. АҚШ вице-президентінің журналистерге берген жауабында: «АҚШ Солтүстік Кореяның бейбітшілікті қолдап, өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартады деп үміттенеді, бірақ, осымен бір уақытта біз өзге барлық мүмкіндіктерді қарастыратын боламыз», – деді.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Лу Каң олармен ұқсас уақытта хабарлама жариялап: «АҚШ – Корей түбегі мәселесінде ең маңызды тарап болып саналады. Сондықтан Қытай тарабы АҚШ-тың түбек мәселесін бейбіт жолмен шешуде белсенді рөл ойнауын құптайды. Өз-ара диалог пен консультациялар арқылы Корей түбегінің ядросыздануына бейбіт жолмен жетіп, түбектің бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтауға тиіспіз. Қытай үкіметі бұл талғамынан айнымайды», – деді.

Екі тараптың жасаған мәлімдемелері бір-бірін Корей түбегі мәселесіне маңызды етіп көрсетіп, түбектегі туылуы мүмкін болған соғыс қаупінің тарихи жауапкершілігін бөлісуге ниетті екенін аңғартты. Қарулы күштерін қозғап, ауыр әскери техникаларын түбектің маңына жинаған екі елдің ендігі бейбітшілікті талдауы, бір есептен заңдылық. Солтүстік Корея әскери шеру өткізу арқылы АҚШ болжаған ядролық сынақты болдырмады. Ендігі жерде суық қаруын түбектің айналасына үймелетіп, дөң айбат танытудың керегі шамалы. Десе де, АҚШ Сол. Кореяның алдағы уақытта ядролық бағдарламаларынан алаңдайтыны шын. Трамптың орынбасарын Кореяға аттандыруы осы жағдайдың алдын алу үшін болды.

16 сәуір күні Оңтүстік Корея сапарын бастаған Бернс, 17 сәуірде Оңтүстік–Солтүстік Корея шекаралық іріктелген әскери бөлімдерді аралап көрді. Сол күні кеште сеуілге қайтып Корея премьер-министрімен кездесті. Ал бүгінгі жоспарында Оңтүстік Корея сапарын аяқтап Жапонияға жол алмақ.

The Qazaq Times