Бүгін, 1 шілдеде Алматыда The Qazaq Times-қа сұхбат берейін деп тұрған сәтінде белгісіз адамдар күштеп алып кеткен оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышалин қолы сынып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы редакциямызға саясаткердің әйелі Айсұлу Қадырбаева хабарлады.
Оның айтуына қарағанда, күйеуін Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізген. Саясаткердің саусағы сынып, қан қысымы көтеріліп кеткен. Оған бұл ақпаратты күйеуінің өзі медбикенің телефонымен хабарласып айтқан.
"The Qazaq Times" тілшісі саясаткер жеткізілді деген Қазыбек би көшесінде орналасқан қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына барып, мәселенің жай-жапсарын білмек болған. Бірақ кіреберісте тұрған медбике Жасарал Қуанышалинге байланысты ақпаратты журналистерге тек бөлім меңгерушісі Жәнібек Ахметұлы беретінін айтты. Кейіннен Ахметұлының саясаткерге байланысты ешқандай ақпарат бере алмайтынын жеткізді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы