Германия Сыртқы істер министрі Түркия президентінің Германия канцлеріне қарсы айтылған уәждерін сынға алып, оған ескерту жасады деп хабарлады "Фарс" баспасөзі.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль жексенбі күні Түркия президенті Режеп Тайп Ердоғанның Германия канцлері Ангела Меркельге қарсы айтқан уәждеріне реакция білдіріп: "Режеп Тайп Ердоған сөзіне абай болып, өзінің шегін білсін",- деп, Ердоғанға «қызыл сызықтардан» асып кетпеуге кеңес берді.
Түркия президенті сенбі күні Ыстамбұлда айтқан сөзінде Германия канцлері Ангела Меркельді нацистік тәсілдерді пайдаланады деп айыптаған болатын.
Германия мен Нидерланд үкіметтері Еуропада елдеріндегі түрік азаматтарының, Түркия Конституциясына өзгерістер енгізуге байланысты референдум жайлы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салғаннан кейін, Анкара және Берлин мен Амстердам арасындағы теке-тірес арта түсті.
“The Qazaq Times”