Түркістан облысында "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның денесі табылды. Бұл мамыр айының соңында шатқалға шығып, жоғалып кеткен жеті адамның соңғысы болуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылар мәйітті бүгін, 22 маусым күндізгі сағат 12 шамасында Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан.
"Мүрдені тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады" делінген министрлік хабарламасында.
Жеті студент 21 мамыр күні Түлкібас ауданындағы "Сайрам Өгем" шатқалына жаяу табиғатқа шығып, жоғалып кеткен. Кейін оларды құтқарушылармен бірге полиция, шекара қызметі, ұлттық парктің қызметкерлері мен туыстары іздей бастаған. Жеті студенттің арасында Ақтөбе, Атырау, Орал және Жезқазғаннан келгендер болған.
28 мамыр күні жоғалғандардың үшеуі тірі табылды. Оларды "Қазавиақұтқару" тікұшағының мамандары байқаған.
Кейін құтқарушылар шатқал аумағынан үш студенттің денесін тапқан. Іздеу жұмыстары 27 күн жалғасқан. Оқиғаға байланысты Түркістан облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді