QazVac вакцинасының клиникалық зерттеуінің жан-жақты параметрлері таяу уақытта жарияланады. Бұл туралы бүгін, 16 маусымда орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Медицина қауымдастығы қазіргі уақытта қолдануға енгізілген отандық QazVaс вакцинасын әзірлеудегі Қазақстанның жоғары жетістігін мақұлдайды. Ол клиникалық сынақтың кезеңдерінен өтті. Қазір клиникалық практикада тұр. Бұл вакцинаны биологиялық қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін біздің жетекші салалық мамандар да қуаттайды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық мамандар бұл әлеуетті жоғары бағалайды» деді министр.
Сонымен қатар ол вакцинаға қатысты ақпараттардың әлі күнге қолжетімді болмай отырғандығын түсіндіріп өтті.
«Білім және ғылым министрлігі, Биологиялық қауіпсіздік мәселері институты бірқатар рейтингтік журналға бірнеше мақалаларын жіберді. Нұсқаулықта негізгі ақпараттар, қолдану нұсқаулығы, тиімділігі, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштері бойынша позициясы қамтылған. Халыққа жеткізілген. Азаматтарға вакцинация барысында айтылады. Таяу уақытта клиникалық зерттеудің жан-жақты параметрлері жарияланады. Бұл ретте ешқандай құпия жоқ. Бұл таза процедуралық процесс» деді Цой.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап