Солтүстік Корея лидері «реакцияшыл көзқарастағыларға қарсы» деген жаңа заң жобасын қабылдатты. Бұл заң шетелдің бейне таспаларын көргендерді, киімдерін кигендерді, шетелдіктерге еліктеп сөйлегендерді жазалайды. Тіпті, АҚШ пен Жапонияның көп сандағы видеоларымен ұсталғандар өлім жазасына кесілмек.
Шетел видеоларын көру үстінде ұсталғандарға 15 жылға дейін қамау жазасы тағайындалған. Қазірге дейін әлеуметтік желілері жоқ, азаматтар тек үкімет рұқсат еткен бірнеше сайтқа ғана кіре алатын Солтүстік Кореяда осындай жаңа шектеулер кіргізілуде.
КХДР лидері Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) жақында елдегі «Жастар лигасына» қарата мәлімдеме жасап, «күдікті, қоғамға қарсы және өзімшіл» жастарды жазалауға шақырды. Аталған мәлімдемесінде, шетелдің кимдері, шаш үлгілері, сөз сөйлеуі «қорқынышты у» деп бағалап, ел жастарын «уланбауға» шақырған.
Оңтүстік Кореяның және өзге шетелдік сарапшылары Солтүстік Корея лидерінің бұл қадамын «қарусыз соғыс» қатарында бағалауда. Себебі, аталмыш жаңа заң жобасын Оңтүстік Кореяда шығатын "The Daily NK" басылымы бірінші болып жариялаған.
Қазіргі таңда Солтүстік Кореяда миллиондаған адам кедейшілік пен аштық жағдайын өмір сүруде. Шетелдік кино-сериялдардан жақсы тұрмыс, думанды қала өмірлерін көру елдегі қарапайым тұрғындардың қалыптан тыс «хоббиына» айналған. Онсыз да әлеуметтік жағдайы ауыр елде пандемия кезіндегі шектеулер тіпті де оңашалап тастаған.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр