Беркли университеті мен Массачусетс техналогиялық институтының ғалымдары Калифорнияда және өзге де шөлді өңірлерде тек Күннің энергиясын пайдалана отырып құрғақ ауадан суды өндіріп шығаратын гаджет жасап шықты деп жазды Science журналы.
Тәжірибені жүзеге асырған ғалымдардың бірі Омар Яги (Omar Yaghi): «Біздің арманымыз – Күн энергиясы арқылы жұмыс жасайтын құрылғылар арқылы өзін-өзі сумен қамтамасыз ете алатын тәуелсіз үйлерді жасап шығу. Ал біздің тәжірибеміз бұл арманның ақиқат бола алатындығын дәлелдеп отыр. Біз «дербестендірілген» суды жасап шығуға сенімді қадам басып келеміз» - деген болатын, журналға берген сұхбатында.
Жер бетіндегі ауыз су мәселесі күн өткен сайын өршіп бара жатқандығы белгілі. БҰҰ-ның есебіне сәйкес, 2025 жылы әлем тұрғандарының 14 пайызы су жетіспеушілігінен зардап шегуі мүмкін. Бүгінде мұхиттардағы тұзды суды өңдеуден өткізіп, өндіріс пен басқа да мақсаттарда пайдалану жолға қойылуда. Тіпті араб елдері бұл әдісті өндірістік мақсатта бірнеше жыл бойы пайдаланып келеді.
Бірақ бұл әдіс экономикалық тиімсіз әрі энергияны көп қажет етеді. Сонымен қоса, тазалағыш құбырлар тез бітеліп, істен шығып жатады. Осы кедергілерді ескере отырып ғалымдар суды өндірудің осыған дейін тек фантастикалық фильмдер мен кітаптарда кездесетін жаңа әдісін ойлап тапқан болатын.
Бұл тәжірибенің негізінде металл-органикалық каркас жатыр. Яғни осы МОК-тың өте берік жабынды құрылымының арқасында оның күрделі полимерлі материалдары арқылы көмірқышқыл газы мен сутегін сүзгіден өткізіп, үлкен көлемдегі газды ұстап тұрып, сол арқылы суды алуға болады екен.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер