Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді қақтығыс болып жатқан Донбаста кездесуге шақырды. 

Бейнеүндеуінде Зеленский: «Кеше және бүгін Нормандия төрттігінің кеңесшілерінің және TCG қауіпсіздік тобының кездесулерінде атысты тоқтату туралы талқыланды. Путин мырза! Мен сізді Украинаның Донбасс қаласында соғыс жүріп жатқан кез-келген жерде кездесуге шақырамын», – деді.

Зеленский екі елдің өткенге және болашаққа деген әртүрлі көзқарастарын проблема ретінде емес, мүмкіндік ретінде қарастыруға болатындығын атап өтті. Украинаның батыс мемлекеттері мен НАТО-ны қолдайтынын, олар елге қаржылай көмек көрсетуге дайын екендігін, сондай-ақ Ресейге қарсы қатаң санкциялар салатынын да айтты.

«Біз қорықпаймыз, өйткені бізге халықаралық серіктестер үлкен қолдау көрсетеді. Мен Америка Құрама Штаттарының, Францияның, Германияның, Ұлыбританияның, Түркияның басшыларымен, Еуропа Кеңесінің төрағасымен және НАТО-ның Бас хатшысымен сөйлестім. Олар бізді қаржылай қолдауға дайын. Олар қатаң санкциялар енгізуге және Ресейге қарсы қатаң шешімдер қабылдауға дайын», — деді Украина басшысы.

Зеленский Ресейді эскалацияның алғышарттарын құрды деп айыптады. Бұл мәселеде Ресей әскерлерінің Украина шекараларына жақын шоғырлануын дәлел ретінде келтірді. «Егер бірдеңе болса, Украина өзін қорғай ма? Әрдайым» деп Киевтің кез келген жағдайға дайын екенін айтты.

Наурызда Донбасстағы жанжал қайта ушыққан. Түрлі хабарға қарағанда, Ресей әскері Украина шекарасына жақын жерлерге шоғырлана бастаған. Мәскеу бұл әскердің ешкімге қауіп төндірмейтінін айтады. Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен Владимир Путин Мәскеудің бұл қадамға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барғанын айтқан.

Ресей 23 наурызда аяқталған әскери жаттығулардан кейін Украина шекарасына жақын аймақтан әскер шығармағандықтан, АҚШ пен Еуроодақ бұл жағдайды қатаң бақылауға алған. Себебі шекараға әскер жіберу – мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде Ресей Брянск, Воронеж және Ростов облыстарына, аннексияланған Қырымға да әскерилер жіберіп жатқандығы туралы хабарламалар жарияланды. Бұл жағдай халықаралық қауымдастықтардың алаңдаушылығын тудырды. Ал Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Ресей әскерлерінің Ресей аумағы арқылы өтуі басқа мемлекеттерді мазаламауы керек, өйткені бұл оларға ешқандай қауіп төндірмейді» – дейді.

"The Qazaq Times"