Қырғызстан шекарашылары Бішкекке Душанбеден келген тәжік азаматтарын елге кіргізген жоқ.
Манас әуежайының баспасөз қызметі «Сомон Эйр» әуе компаниясының чартерлік рейсінде Тәжікстанның 177 және басқа елдердің бірнеше азаматы болғанын жазды. Ресми Душанбе азаматтары үшін шекараның жабылғандығы туралы ешқандай ресми хабар алмағанын, Қырғызстанның авиациялық органдары ұшып келуге рұқсат бергенін жеткізді.
Тәжікстанның Бішкектегі консулы жағдайды келіссөз арқылы шешпек болған. Кейін Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара мәселесі бойынша шектеулер былтыр көктемде коронавирусқа байланысты уақытша енгізілді деп мәлімдеді. Сарапшылар бұл мәселеге қырғыз-тәжік шекара дауы себеп болуы мүмкін дейді.
28 сәуірде Баткен облысының Тәжікстанмен шекаралас Көк-Таш ауылы маңында су тарату пункті аумағында қырғыз және тәжік азаматтары жанжалдасып қалған. 29 сәуірде шекарадағы жағдай ушығып, екі елдің әскери қызметкерлері арасында атыс болған. Сол күні кешке тараптар атысты тоқтатуға келіскенмен, атыс жекелеген жерлерде 1 мамырға дейін жалғасты. Бішкекте тәжік әскерилері ққатығыс кезінде пулемет, миномет және Ми-24 әскери тікұшақтарын қолданған.
Ресми мәліметтер бойынша, Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс салдарынан Қырғызстанның 36 тұрғыны қаза тауып, 150-ге жуық адам зардап шеккен. Қақтығыс кезінде республикада жүзден астам ғимарат, оның ішінде екі мектеп, үш шекара заставасы, балабақша, өрт сөндіру бөлімі, милиция бөлімшесінің ғимараты, сондай-ақ жүзден астам бір қабатты тұрғын үй өртенген. Қақтығыс аймағынан жалпы алғанда 33 мың бейбіт тұрғын эвакуацияланды.
Кеңес Одағы 1991 жылы құлағалы бері Орталық Азиядағы кейбір мемлекеттер шекара мәселесін шеше алмай келеді. Әсіресе, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға ортақ Ферғана аңғары бойындағы аумақтың даулы тұстары көп. Қырғыз-тәжік шекарасының ұзындығы шамамен 980 км. Қазірге дейін 580 километріне байланысты делимитация және демаркация жұмыстары жүргізілген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр