Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Мәскеу сапары кезінде тәжік ортасындағы шекара мәселесін шешуді басты күн тәртіпке қоятыны белгілі болған еді. Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде де бұл мәселе басты тақырып болды.
Бұнымен Жапаров Путинге екінші мәрте кездесіп отыр. Анығында Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара жанжалынан кейін Путин екі ел басшысын жеке-жеке шақырып талқылады.
Жабық отырыстарда қандай диалогтардың болғаны беймәлім, дегенмен ақпарат құралдарына ашық кездесуде Ресей президенті Орта Азиядағы екі көршілес елдің ортасындағы қайшылықты ретке келтіру үшін қолдан келген шараның бәрін жасайтынын, қырғыз-тәжік ортасында ұзақ мерзімді әрі қос тараптың мүддесі тең қамтылған келісім жасасуға тырысатынын жеткізді.
Жапаров сапарында экономикалық интеграция мәселесі басым бағыттай көрінгенімен, қатысты елдердің ақпарат құралдары үшін Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара жанжалына қатысты Мәскеудің ұстаным, мәмілесі көбірек қызы болды.
Тәуелсіз сарапшылар, Мәскеу екі ел лидерлерімен жеке-жеке сөйлесу арқылы өңірдегі өз ықпалын сақтап қалуға, тіпті аймақтағы бақылау мүмкіндігін тіпті де күшейтуге тырысып жатыр деп санайды. Орталық Азия Ресеймен бірқатар ірі державаларды және белсенді геосаяси аймақтарды тұтастыратындықтан Мәскеу бұл өңірдегі қандай да бір жағдайға бей-жай қарап отыра алмайды деп санайды эксперттер.