Беларусьтың өз кеңістінен ұшқан азаматтық ұшақты күштеп қондыруы әлем елдерін "таңқалдырды" және қатаң айыптауына ұшырады. Борттағы репарторды тұтқындау үшін кеңістігне кірген азаматтық ұшаққа жасалған қысым халықаралық атынастарда тұрақсыздықтарға жол ашады деген болжамдар айтылуда. 

Жексенбіде Грекияның астанасы Афинадан Литва астанасы Вильнюске ұшып бара жатқан ирландиялық Ryanair ұшағы Беларусь кеңістігінен өткен кезде Минск әуежайына күштеп қондырылған. Беларусь билігі бұл үшін әскери ұшақтар арқылы азаматтық ұшаққа қысым жасаған және ұшақта жарылғыш бар деген расталмаған мәліметті желеу еткен.

Ұшақ қонғаннан кейін, Беларуссия билігі бірден ұшақтағы жолаушыны, оппозиция белсендісі және журналист Раман Платасевичті тұтқындады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен Беларусь тарабының бұл әрекетін қатаң сынға алып, мәлімдеме жасады. Ол сондай-ақ, алдағы уақытта Беларусь үкіметінің әрекетіне жауап беру үшін ЕО және өзге тараптармен тығыз жұмыс істеп жатанын жеткізді.

Бұл оқиғадан кейін Еуропа елдерінде Беларусь кеңістігін пайдаланбау және Беларусь ұшақтарына кеңістік бермеу туралы шешімдер қабылдауы да мүмкін деген пікірлер бар.

“The Qazaq Times”