Беларусьте наразылықты әскери және арнайы техниканың көмегімен басуға рұқсат беретін құжат қабылданды. Құжатқа Александр Лукашенко қол қойды.
Митингке шыққан наразыларды ұстау «заңнама талаптарына сай жүргізілуі керек». Енді милиция қызметкерлері азаматтарға өздерінің әрекетін суретке түсіруге немесе видеоға түсіруге тыйым сала алады. Сондай-ақ аталған құжат әскери техника немесе қару пайдаланған құқық қорғау орган өкілдерін ұстау кезінде келтірген шығыны үшін жауапқа тартпауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Беларусь билігіне 1994 жылы келген 66 жастағы Лукашенко парламентке билікті сынағандар мен наразылыққа шыққандарға жазаны күшейтетін заң қабылдауға итермеледі. Журналистердің рұқсат етілмеген митинг орнынан хабар таратуын және оны интернетте көрсетуін қылмыс деп танитын тағы бір өзгеріс қаралып жатыр.
Былтыр 9 тамызда Лукашенконың сайлауда жеңіске жеткені хабарланғаннан кейін елде наразылық өршіді. Наразылар сайлау кезінде жаппай дауыс ұрланғанын алға тартты және оппозиция кандидаты, Светлана Тихановская жеңді деп санайды. Наразылықтар кезінде 30 мыңнан астам адам ұсталды. Үкімет қатаң жазалау шаралары кезінде мыңдаған адамды ұрып-соғып, азаптады.
«Весна» орталығының хабарлауынша, Беларусьте 369 саяси тұтқын бар. Оппозиция лидерлерінің көбі түрмеде отыр немесе елден қашқан. Сонымен қатар наразылықтар туралы хабар таратқан жүздеген журналист те қудалауға түскен.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі