Осы аптада Қазақстан президенті Тоқаев Орта Азия елдерінің басшыларымен сөйлесті. Қатарында Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон да бар.
Тоқаев әріптестерімен қырғыз-тәжік шекарасында болған оқиғаларды талқылаған. Қырғызстан президентінің баспасөз хабарламасында: «Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жағдайға назар аударып, қайрат танытып, қолдау көрсеткені үшін және Баткен облысындағы шекараға жақын ауыл тұрғындарына гуманитарлық жәрдем бергені үшін ризашылық білдірді», – делінген.
Ал Эмомали Рахмонмен келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Тәжікстанға жасайтын ресми сапарының жай-жапсары қарастырылған. 19-20 мамырда қазақ прездиенті Душанбеге баруды жоспарлап отыр.
Өткен аптада тәжік-қырғыз шекарасында болған қақтығыстан 50-ден астам адам қаза тауып, Баткен облысындағы қақтығыс аумағынан 30 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. 29 сәуірде шекарадағы жағдай ушығып, екі елдің әскери қызметкерлері арасында атыс болған. Сол күні кешке тараптар атысты тоқтатуға келіскенмен, атыс жекелеген жерлерде 1 мамырға дейін жалғасты.
Бұл мәселеде өзге елдер Қырғызстан мен Тәжікстанның қайсысына жақ екенін ашық көрсетпеуге тырысты. Кейіннен екі елдің ресми тұлғалары арасында әскери іс-қимылды тоқтату туралы келісім жасалғаннан кейін кей елдің басшылары шекарадағы кикілжіңге байланысты позициясын білдіретін мәлімдемелер жасай бастады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында бітімгер болуды ұсынған. Ол мәлімдемесінде: «Өз тарапымнан мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және өзара сенімді қайта қалпына келтіруге күш салуға дайынмын. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуі аясында мұндай шекаралық қақтығыстарды реттеудің тетіктерін қарастыру қажет деп санаймын», – деді. Шекарадағы қарулы қақтығысты «қатты алаңдаушылықпен» қабылдағанын жеткізген Тоқаев екі елдің атысты тоқтатып, келіссөз бастау ниетін құптады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді