Ресей мен Қытай ақпарат құралдары мен батыстық ақпарат құралдары арасында сұрапыл ақпарат соғысы жүріп жатыр. Ақпарат соғысының бұл дауылы коронавирусқа қарсы вакциналар туралы мәліметтерді құйындай үйіріп жүр. Екі күн бұрын Еуропа одағы Қытай мен Ресей ақпарат құралдарын айыптап, Батыс елдерінің вирусқа қарсы вакциналары туралы мәліметтерді бұрмалады деді.
ЕО мәліметіне қарағанда, былтыр желтоқсаннан биыл сәуірге дайін Ресей мен Қытай ақпарат құралдары Батыс елдерінің вакциналару туралы бірнеше тілде жалған ақпарат таратып келген. Бұл арқылы аталған елдер батыстық вакцинаның қауіпсіздігі туралы алаңдаушылық туғызды делінген мәлімдемеде. Сондай-ақ, Қытай мен Ресей ақпарат құралдары осы арқылы отандық вакцинаның артықшылығын насихаттаған.
ЕО-ның мұндай мәлімдемесі «Жаңа тәж эпидемиясынна қатысты жалған ақпараттар мен оқиғалар туралы арнайы бағалау есебі» бойынша жарияланған. Бұл есепті Еуроодақтың Сыртқы іс-қимыл агенттігіне қарасты жалған ақпарат үшін жауапты бөлімі жасаған.
Айта кету керек, ақпарат соғысы бір тарапты болып жатқан жоқ. Өз кезегінде батыстық ақпарат құралдары да Ресей мен Қытайдың кейбір әрекеттеріне, саяси қадамдарына қатысты қарқынды ақпараттық соққы беріп келеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы