Ресейдің Украина жерінде әскери әрекеттерді бастағанына бір тәуліктен асты. Кей деректер Ресей алғашқы күннің өзінде Киевті басып алуға тырысады деген сөздер айтылды. Қазір жетіп жатқан ақпараттарға қарасақ шабуылдың алғашқы күнінде-ақ күшті қарсылыққа тап болғанын байқауға болады.
Кеше кешкі сағат 19:30 шамасында Киев қаласына әуе шабуылдары болуы мүмкін деген мәліметтер тараған еді, бүгін таңда Киев қаласында бірқатар тұрғынүй кешендерінде өрт болып жатқанын елдің ІІМ-і мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша зымыран шабуылдарынан болғаны айтқан ІІМ өкілі қаланың ТЖҚ-і мен өзге де департаменттері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұрғанын білдірді.
Осы ақпараттармен бірге Украина президенті Владимир Зеленский «Твиттер» парақшасында: «Ресей әскерлері Чернобыль оқшауланған аймағына кіруге әрекет етіп жатыр», – деп мәлімдеді.
Қарулы күштердің жауаптасқан ұрыстары Украинаның оңтүстік және солтүстік өңірлерінде сұрапыл жалғасып жатыр. Әсіресе, Гостомельский әуежайы, Геническ, Скадовск, Чаплинка қалалары үшін күрес қатты жүруде. Украинаның БОШ-ы жасаған мәлімдемеде Счастье мен Луганская станцалары үшін шайқастардың ауыр болғаны, Ресей әскерлерінің бірнеше рет қорғаныс шебін бұзуға талпынғаны айтылады.
Украина мен Ресей арасындағы шайқас тек қару-жарақ пен әскерилер арасында ғана болып жатпағанын қос тараптан тараған ақпараттардан да білуге болады. Қарсы тараптың шығындары зорайтып көрсету әр екі тараптан да болып жатқандай. Айталық, Украина тарабы «жау әскерлері шегінуге мәжбүр болды» деген кей жерлерде Ресей тарабы «Украинаның бірде-бір шекарашысы қалған жоқ» деген қарсы мәліметтер беріп жатыр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр