Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру үшін осы саладағы тағы бірнеше шенеунікті қызметінен босатуға тапсырма берген. Бұл жайлы бүгін, 20 сәуірде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды. Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр" делінген Уәлидің Facebook-тағы жазбасында.
Өткен аптада Тоқаев "ҚазАвтожол" ұлттық компаниясының басшысы Ұлан Әліповтің қызметінен босатқан. Сол кезде оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында президенттің Әліповтің жұмысына көңілі толмағанын жазған еді.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?