Меркель, Макрон және Путин бейнеконференция форматында келіссөздер жүргізді. Әлем назарын аударған Навальный ісі мен Донбасс мәселесі Ресейдің қазір ешқандай диалогқа дайын емес екенін тағы бір рет көрсетті.
Себебі, Еуроодақпен дипломатиялық инфрақұрылымның әлсіреуіне Кремль ұстанған саясаттың тікелей қатысы бар. Ал бұл мәселеде Франция мен Германия басшылары делдал рөлінде әрекет етуге тырысты. Бірақ, Путин Украина тақырыбында мардымды жауап берген жоқ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың Украинаның шығысындағы әскери операцияларды қайта бастау туралы соңғы мәлімдемесі бұл мәселенің басы ашық қалатынын көрсетті.
Тараптар геосаяси ахуалдан бөлек, « Спутник-V» вакцинасының тиімділігін де тілге тиек етті. бірқ, жиынның бас тақырыбы – Кремльдің Украинаға агрессиялық саясат ұстануы мен оппозиционер Алексей Навальныйдың сотталуы еді.
Батыс үшін авториталы мемлекет саналатын Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін АҚШ, Еуропалық одақ, Австралия, Жаңа Зеландия және Канада алғашқы санкциялар пакетін енгізді. Бұл шаралар активтерді тоқтатуды және санкциялар тізіміне енгізілген адамдарға визалық шектеулер енгізуді, сондай-ақ санкциялар салған елдердің компанияларына тізімге енгізілген ұйымдармен іскерлік қарым-қатынас жасауға тыйым салуды қарастырады.
Санкциялардың артуы Украинаның шығысындағы жағдайдың шиеленісуімен байланысты болды. Қатаң шекетулерді енгізген мемлекеттер Ресейді Украинаның аумақтық тұтастығын бұзып, ресейлік көтерілісшілерге қару-жарақ жеткізгені үшін айыптады.
2018 жылдың тамызында және биыл АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Еуроодақ Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар дайындау туралы жариялады. Оны енгізудің себебі – Ұлыбританиядағы тыңшы Сергей Скрипальдің және Кремль сыншысы Алексей Навальныйдың «Новичок» химиялық қаруынан улануы еді.
2 ақпанда Мәскеу қалалық сотында Навальныйдың «Ив Роше» ісіндегі шартты мерзімін ауыстырды. Навальный жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Шешім күшіне енгенге дейін ол тергеу изоляторында қалады. Үкім шыққаннан кейін батыс елдері Ресей билігінің бұл әрекетін «еркіндік құқығы мен заң үстемдігіне жасалған ауыр соққы» деп сынға алып, Навальныйды бостауды талап етті.
Батыс елдерінің Навальныйды босату туралы дабылына Крмельдің атынан жауап берген Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова «негізсіз шешім» деп қысқа қайырды. Бұған дейін бір топ демократ және республикашыл сенатор АҚШ конгресіне «Ресейді қастық әрекеті үшін жауапқа тарту туралы» заң жобасын ұсынған. Онда Навальныйды улауға және «Новичок» уын жасағандарға қатысы бар ресми тұлғаларға санкция салу жағы қарастырылған.
6 ақпанда Ресей Еуропа одағының үш дипломатын «заңсыз шараларға қатысты» деп айыптап, ел аумағынан шығаруды талап етті. Кейіннен Еуроодақ Ресейді дипломаттарды шығарып жіберу туралы шешімін қайта қарауға шақырды. Франция президенті Эммануэль Макронмен бірге өткен баспасөз мәслихатында Германия канцлері Ангела Меркель Берлин мен Париж Мәскеудің бұл шешімін орынсыз деп танитынын айтты. Швеция сыртқы істер министрлігі өз дипломатиялық өкілдігі қызметкері рұқсат етілмеген шараға қатысты деген ақпаратты жоққа шығарды. Польша шешімнің күші жойылатынына үміт ететінін айтты және бұған қарымта шаралар қолданатынын ескертті.