Түрікменстан екі палаталы парламенттік жүйеге көшуді бастады: тарихта алғаш рет Парламенттің жоғарғы палатасына сайлау өтті. Нәтижесінде, 100% дауыспен ел басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов жаңадан жасақталған сенаттың (Халық мәслихаты) құрамына енді. Бұл туралы Түрікменстанның мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлады.
Қазір 63 жастағы Бердімұхамедов мемлекет басшысы және премьер-министрі қызметін қатар атқарады. Ресми басылымдар сайлаудың әділ өткенін жазды. Бірақ шетел бақылаушыларына сайлауды бақылауға рұқсат етілмеді және оппозиция кандидаттарына да жол берілмеді.
Бұған дейін парламент бір Палатадан – Меджлистен ғана тұрған. 48 мандат үшін 112 кандидат күресті. «Тdh» мәліметтері бойынша мониторингті партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және азаматтардың жекелеген топтарынан 440 ұлттық бақылаушы жүзеге асырды. Мандат үшін «бақ сынағандар» бес облыстан және Ашхабадтан жергілікті халық кеңестерінің отырыстарында жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Тағы сегіз мүшені президент тағайындайды.
Ақпанның ортасында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің ұлы Сердарды Үкіметтің вице-төрағасы етіп тағайындады. Вице-премьердің міндетіне өндірістің барлық салаларына цифрлық жүйе мен инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ осы қызметті бақылау кіреді.
24 ақпанда өткен Парламент құрылымындағы өзгерістер туралы конституциялық түзетулер жарияланғаннан кейін, қазіргі президент өз мұрагерін билікке дайындап жатыр деген болжамдар айтылды. Сарапшылар 39 жастағы Сердарды мұрагер деп санайды. Ол қазірдің өзінде Меджлис заң комитетінің басшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары, аймақтың басшысы болды (Ахал уәлаяты). 2020 жылы ақпанда әкесі оны жаңа өнеркәсіп және құрылыс өндірісі министрлігінің басшысы етіп тағайындады. Ол соңғы лауазымын шамамен бір жыл атқарған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр