Жаһандық індет басталған кезде бірқатар Шығыс Азия елдері вирустың таралуын ауыздықтауда әлемге өз үлгісін көрсеткен болатын. Бірақ, бір жыл өтіп әлем елдері вакциналарды қолдана бастаған кезде аталған аймақтағы елдер артта қалғандай болды.
Бұл қатардағы елдердің бірі – Оңтүстік Корея. Корея жаңа тәж тәрізді вирусқа алғаш тап болған елдердің қатарында және былтыр ақпан айының өзінде пандемия елдің үшінші ірі қаласына ойран салған еді. Сүйте тұра Оңтүстік Корея вирус таралған алғашқы аптада-ақ жағдайды бақылауға ала алды. Сеул қолданған пандемияны тоқтату, баылау шаралары әлем елдері жағынан алқауға да ие болған. Таң қаларлығы, Оңтүстік Корея дамыған елдер арасында вакциянаны ең соңынан қолға алған ел болып қалды.
Шығыс Азиядағы вакцина жасау, өндіріске қою және вакциналау жағдайын бақылаған қоғамдық ұйымдар аймақтағы ең бай елдердің өзінде вакциналау 2022 жылдың өзінде де толық жүзеге аспауы мүмкін екенін болжаған.
Қазір, кореялықтардың отандық вакцинаға көп үміт артып отырғанына қарамастан, елдегі вакцина жасау табысты болып жатқан жоқ. Бұл елдің денсаулық сақтау саласына деген сенімді біршама әлсіретіп тастады. Қазір Оңтүстік Корея коронавирусты анықтайтын тесттердің жоғары дәлдігі және қолдану мүмкіндігінің кеңдігіне сүйене отырып, жағдайды бақылауда ұстап тұр. Әрине, бұған елдегі медицина жүйесінің кемелділігі де әсер етіп отыр.