Жапонияда індеттің өршуіне байланысты тағы 4 префектурада карантиндік шектеулер күшейтілді. Осыған сәйкес қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқарып, ішімдік сатуға шектеу қойылды.
Вирус кейстері 47 префектураның 34-інде артқан. Науқастардың басым бөлігі коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар. Әсіресе «британдық және бразилиялық штам» жұқтырғандар саны көп. Жаңа қаулы бойынша коронавирусқа қарсы шаралар сәуірдің 20-сынан бастап мамырдың 11-іне дейін жалғасады.
Өткен айдан бастап он үш елге Жапония аумағына кіру ережелері қатаңдатылған болатын. Ресми құжатта: «Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Дания, Италия, Нигерия, Нидерланды, БАӘ, Словакия, Швейцария, Швеция, Франция азаматтары үшін Жапония аумағына кіру ережелері өзгертілді. Туристер елге кіргеннен кейін үш күн ішінде карантиндік мекемелерде болуы керек. Осыдан кейін олар коронавирусқа тест тапсыруы керек. Теріс нәтиже болған жағдайда екі апта оқшаулануы тиіс», – делінген.
Елде төтенше режим жойылғаннан кейін де Жапония билігі шетелдіктерге виза беру ережелерін жеңілдетпейді. Қазіргі уақытта елге тек жапон азаматтары және ұзақ мерзімді визалары бар шетелдіктер кіре алады. Шекарадан өткенде олар 72 сағат ішінде тапсырылған теріс нәтижелі ПТР тестін растайтын құжат болуы қажет.