2017 жылдың 10-13 сәуір аралығында елімізде алғаш рет Радиоэлектроника және байланыс әскери-инжинерлік институтының базасында ТМД  бойынша жоғарғы білім беру ұйымдары курсанттары арасында математика пәнінен ІІІ Халықаралық олимпиада өтіп жатыр. 

ОлимпиадаТМД құрамындағы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің 2014 жылғы 4 шілдедегі  шешіміне сәйкес, 2015 жылдан бастап тұрақты  түрде өткізіліп келеді.

2017 жылы ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің, сондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Қазақстанда өткізу жоспарланған болатын. Аталмыш олимпиада осы айтулы даталармен сәйкес келіп, елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, әскери жоғарғы оқу орындары арасында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Білім сайысында төрелік етуге азаматтық оқу орындарының профессор-оқытушылары, математика саласындағы аса тәжірибелі мамандар, сонымен қатар ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері шақырылды.

Олимпиада ұйымдастырушыларының бірі, РжБӘИИ-ның курсанты: "Биылғы олимпиадаға ТМД-ға мүше 6 елдің курсанттары қатысатын болады. Қатысушы мемлекеттер - Ресей, Белерусь, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан және Қазақстан. Сондай-ақ Өзбекстан Республикасынан бақылаушы ретінде арнайы өкілдер шақырылды".

Еліміздің намысын қорғайтын әскери оқу орындарының курсанттары осы олимпиадаға ұзақ дайындалып, математикалық заңдылықтарды тек теориялық деңгейде емес, инжинерлік, тәжірибелік тұрғыдан да зерттегендіктерін айтуда.

Олимпиада қорытындысы 13 сәуір күні белгілі болады.

The Qazaq Times”