Дүйсенбі, сағат 15.00-дегі Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) алдын ала ұсынған мәліметіне қарағанда, парламентке «ескі» үш саяси партия қайта өткен.
Олар – «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстанның халық партиясы».
Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша:
- «Нұр Отан» – 71,09%
- «Ақ жол» – 10,95%
- «Қазақстанның халық партиясы»– 9,1%
- «Ауыл»– 5,29%
- «Адал»– 3,57% дауыс алған.
Қазақстанда заң бойынша, парламентке 7% дауыс алған партиялар өтеді. ОСК сайлаудың түпкілікті нәтижесі хаттамалардың түпнұсқасы келгеннен кейін жарияланатынын хабарлады. Билік партиясы және мәжіліс кандидатымен туыстық байланысы бар төраға басқаратын ОСК есебі үкімет қолайына «жағатын» ұйымдар жүргізген экзит-полл нәтижесін қуаттады.
10 қаңтар күнгі мәжіліс және мәслихаттар сайлауына Қазақстанның экс-президенті Назарбаев «өмір бойғы төраға» ретінде басқаратын «Нұр Отан» партиясы мен билікшіл төрт партия қатысты. Тәуелсіз бақылаушылар мен байқаушылар, сондай-ақ ақпарат құралдарына әртүрлі қысым жасалып, бейбіт жиынға шыққан наразылар ұсталды, кейбір оппозициялық топтар (Демпартия бастамашыл тобы мен Oyan, Qazaqstan белсенділері) күні бойы полиция қоршауында болды. Сайлау учаскелерінде журналистер мен бақылаушылар бірқатар өрескел заңбұзушылықтарды байқап, комиссия және сенімді өкілдердің немғұрайлығына куә болған. Дегенмен Бас прокуратура мен ІІМ сайлау тыныш өткенін айтып, жоғарыда аталған кемшіліктер болмашы құқықбұзушылық деп санайды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел