Қазақстанда 16:00 шамасында сайлаушылардың 52,5%-ы дауыс берген. Ең төмен белсенділік Алматы қаласында тіркелді – барлығы 25,3%.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина мәліметінше, астанада сайлаушылардың 41,1%, Шымкентте – 49,2%, ал Алматы қаласы бойынша бар болғаны 25,3%-ы дауыс берген.
«ОСК-ға облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтар сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың жалпы санының 52,5%-ы дауыс берді», – деп атап өтті Мұстафина.
Өңірлер бойынша Ақмола облысында – 56,9%, Ақтөбе облысында – 45,6%, Алматы облысында – 58%, Атырау облысында-45,6%, Шығыс Қазақстан облысында – 62%, Жамбыл облысында – 63,4%, Батыс Қазақстан облысында-53,5%, Қарағанды облысында – 58,8%, Қостанай облысында – 62,4%, Қызылорда облысында – 60,9%, Маңғыстау облысында – 43,3%, Павлодар облысында – 57,8%, Солтүстік Қазақстан облысында – 62,4% және Түркістан облысы – 53,6%.
10 қаңтар – Қазақстанда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға «Nur Otan», «Ақжол», «Адал», «Ауыл» және «Қазақстан халық партиясы» қатысады. ОСК мәліметінше, бес партия мәжіліс сайлауына – 312 кандидат (90 әйел, 222 ер адам), мәслихатқа 832 кандидат ұсынған. Сайлау ОСК ұйымдастыруымен 232 аймақтық сайлау комиссия өкілдік ететін 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде өтеді.
Саяси додаға қатысып жатқан бес партия мәжіліс сайлауына барлығы 312 кандидат ұсынған. Кандидаттардың басым бөлігі биліктегі «Нұр-Отан» партиясы мен қазіргі парламентте отырған «Қазақстан халық партиясының» өкілдері.
Сайлауға түсіп жатқан саяси ұйымдардың арасында оппозициялық партия жоқ.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі