Лондон соты Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ билігіне беруден бас тартты. Мұның себебін сот 49 жастағы журналист Америкаға экстрадицияланса, оның психикалық жағдайына кері әсер етуі мүмкін еп түсіндірді. Алайда Ассанжға қарсы сот әлі біткен жоқ.
Былтыр мамырда АҚШ билігі Ассанжға 17 бап бойынша айып таққан. Оның ішінде тыңшылық жасады және құпия ақпараттарды жария етті деген айыптар бар.
2010 жылы Ассанжға Швецияда зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған. Ол 2012 жылдан бері Эквадордың Ұлыбританиядағы елшілігінде жасырынған. Оны Британия билігі 2019 жылдың 11-ші сәуірінде Швеция мен АҚШ-тың өтініші бойынша қамауға алған. Мамыр айының 2-і күні Лондон соты АҚШ-қа Джулиан Ассанжға тағылған айыптарды дәлелдеуге 65 күн уақыт берген.
48 жастағы Джулиан Ассанж Аустралия азаматы. Ол Wikileaks сайты арқылы аса құпия саналатын 500 мыңнан астам құжаттың электронды нұсқасын жариялаған. Бұл құжаттар арасында әлем елдері лидерлерінің құпия сөйлесулері, мемлекеттердің құпия жоспарларынан тартып, қаржы жымқыру, ірі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәліметтері де бар. Әрине, онда Қазақстанға қатысты да көптеген құпия құжаттар болған. Джулиан Ассанж 7 жыл бұрын Швецияға экстрадициядан қашып барып бас сауғалаған болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті