Бүгін сайлауға қатысатын партиялардың дебаты өтті. Үш раундтан тұратын пікірсайысқа бюджеттен 47,9 млн теңге бөлінген. Желі қолданушылары дебатты «конференциядағы баяндама» тәрізді дейді.
Дебатқа «Адал» саяси партиясынан Эльдар Жұмағазиев;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан – партия төрағасы Азат Перуашев;
«Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясынан – партия төрағасы Әли Бектаев;
Қазақстан Халық партиясынан – партия төрағасы Айқын Қоңыров және «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты.
Тақыланған тақырып – «Қазақстанның экономикалық дамуы» және «азаматтардың әл-ауқаты». Эфирді тамашалаған кей желі қолданушылары дебатты «конференциядағы баяндама және әдеттегі уәде» дейді.
10 қаңтарға белгіленген мәжіліс және мәслихат сайлауына 5 партия қатысады: «Нұр Отан», «Ақжол», «Адал», «Ауыл» және «Қазақстан халық партиясы». Олардың арасында оппозициялық партия жоқ. Саяси оппозиция өкілдері парламентте бірде-бір шынайы оппозициялық саяси күш жоқ деп санайды және шынайы оппозициялық партиялардың ресми тіркеуден өте алмай отырғанын айтады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді