АҚШ президенті Дональд Трамп Конгрес мақұлдаған әскери бюджет жобасына вето қойды.
Заң шығарушы органның төменгі палатасына жолданған хабарламада: «Мен 2021 жылға арналған әскери бюджет жобасын мақұлдамаймын. Әскери бюджет құжатының Америка қауіпсіздігі үшін маңызы жоғары. Өкінішке орай, құжат ұлттық қауіпсіздіктің маңызды ережелерін қамтымайды. Құжаттағы көптеген ережелер АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясатына қайшы келеді. Бұл – Қытай мен Ресейге сыйлық», – делінген.
Президент 1996 жылғы «Байланыс этикасы туралы» Заңның 230-бөлімін жоюды да талап етіп отыр. Трамптың айтуыша, «230-бөлім желіде шетелдік жалған ақпараттың таралуына ықпал етеді. Ал бұл ұлттық қауіпсіздік пен сайлаудың адалдығына үлкен қауіп төндіреді».
Құжаттың бұғатталуына тағы бір себеп – Азаматтық соғыс кезеңіндегі (1861-1865) конфедеративті Штаттардағы ардагерлердің есімін әскери нысандарға беру және Оңтүстіктегі құлдық туралы деректерді жою. Осы екі тармаққа байланысты Трамп: «Саяси әрекеттер арқылы тарихты жоққа шығаруға жол бермеймін», – деген.
Ақ үй басшысы, сонымен қатар, Ауғанстандағы, Корея Республикасындағы және Германиядағы АҚШ әскерлерін азайту туралы тармақты да құптамайды. «Көптеген ережелер менің әкімшілігімнің сыртқы саясатына, атап айтқанда сарбаздарды елге қайтару әрекеттеріне тікелей қайшы келеді», – деді Трамп.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді